Жаңа оқу-әдістемелік құрал

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитеті, Нұр-Сұлтан қаласындағы «FREE FLIGHT» баспасынан «Спорттық радиопеленгация және радиоспорт» кітабының шыққанын хабарлайды. Бұл оқу – әдістемелік құрал, осы тақырыпқа арналған қазақ тіліндегі алғашқы еңбек болып табылады.

Шығарманың авторы – Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының президенті Асаубай Сейтқұл Жексенұлы.

Әдістемелік құралда радиоспорттың жалпы және техникалық негіздері берілген, сонымен қатар қазіргі кездегі спорттық принциптері көрсетілген. Спорттық радиопеленгацияның ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулар мен жарыстарды жүргізу құрылғылары мен ұйымдастыру процесі көрсетілген.

Шығарма қазіргі күнгі талаптарға сәйкес құрастырылған, енгізілген ақпараттар жеткілікті, теориялық және тәжірибелік мағнасы бар. Оқу – әдістемелік құрал спорттық мектептердің, орта мектептер мен жоғары оқу орындарының спорт үйірмелері мен секцияларының ұстаздары мен спортшыларына ұсынылады.

Кітап, Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитетінің шешімімен бекітіліп, басылымға ұсынылып отыр.

 

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Жаңа оқу-әдістемелік құрал

ҚРРФ кеңсесінің жұмыс кестесі

Құрметті әріптестер!

Covid – 19 пандемиясына байланысты болған эпидемиологиялық ахуал бірте-бірте оңала басталғандықтан, еліміздегі енгізілген санитарлық шектеулер алынып тасталды.

Осыған байланысты ҚРРФ кеңсесінің жұмыс кестесіне өзгерітер енгізіліп, кеңсе, күн сайын сағат 14:00 ден 18:00 ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз. Сенбі және жексенбі күндері – демалыс.

Кеңсенің жұмыс телефоны: +7 701 986 22 00.

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on ҚРРФ кеңсесінің жұмыс кестесі

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі – наурыз мейрамы құтты болсын!

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Наурыз мерекесі құтты болсын!