2026 жылғы сәуір айының 18-19 күндері Астана қаласында жоғары жылдамдықты телеграфиядан Қазақстан чемпионаты өтті.
Жарысқа Петропавл қаласындағы Әскери академия курсанттары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының әскери қызметшілері және Астана қаласының жас спортшылар қатысты.
Жарыс Астана қаласы әкімдігінің Техникалық және көркем шығармашылық орталығында орналасқан, Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының оқу-әдістемелік орталығында, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.
Қазылар алқасының құрамы негізінен IARU стандарттарын жетік меңгерген жас төрешілерден және тәжірибелі радиоәуесқой операторлардан болды.
Турнирге қатысушылар жоғары жылдамдықты телеграфияның заманауи жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамасымен танысып, жоғары жылдамдықты радиотелеграфия жарыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Команда жетекшілеріне телеграф операторларын оқыту және жоғары жылдамдықты телеграфия жарыстарын ұйымдастыруда IARU стандарттарына көшу ұсынылды.
KFRR Атқарушы комитеті


