Спорттық радиопеленгациядан Қазақстанның 12-ші чемпионаты

2023 жылғы мамыр айының 10 мен 15 аралығында, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы аумағында, спорттық радиопеленгациядан Қазақстан Республикасының 12-ші чемпионаты өтті.

Чемпионатты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт комитетінің қолдауымен Қазақстанның радиоспорт және әуесқойлар федерациясы ұйымдастырды.

Жарысқа еліміздің төрт облысынан 38 қатысушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан командасы қатысты.

Чемпионат жеңімпаздары Мәдениет және спорт министрлігінің дипломдары мен медальдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға чемпионатқа қатысқаны үшін ҚРРФ сертификаттары тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының спортшысы Семенов Андрей Викторовичке радиоспорт бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері куәлігі табыс етілді.

Сонымен қатар, Чемпионат барысында радиоспорт жаттықтырушылары мен төрешілері үшін спорттық радиопеленгация жарыстарын ұйымдастыру бойынша семинар өткізілді.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.