Жаңа оқу-әдістемелік құрал

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитеті, Нұр-Сұлтан қаласындағы «FREE FLIGHT» баспасынан «Әуесқойлық радиобайланыс және радиоспорт» кітабының шыққанын хабарлайды. Бұл оқу – әдістемелік құрал, осы тақырыпқа арналған қазақ тіліндегі алғашқы еңбек болып табылады.

Шығарманың авторы – Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының президенті Асаубай Сейтқұл Жексенұлы.

Әдістемелік құралда радиоспорттың жалпы және техникалық негіздері берілген, сонымен қатар қазіргі кездегі спорттық принциптері көрсетілген. Радиоспорттың ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулар мен жарыстарды жүргізу құрылғылары мен ұйымдастыру процесі көрсетілген.

Шығарма қазіргі күнгі талаптарға сәйкес құрастырылған, енгізілген ақпараттар жеткілікті, теориялық және тәжірибелік мағнасы бар.

Оқу – әдістемелік құрал спорттық мектептердің, орта мектептер мен жоғары оқу орындарының спорт үйірмелері мен секцияларының спортшыларына ұсынылады.

Кітап, Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитетінің шешімімен бекітіліп, басылымға ұсынылып отыр.

ҚРРФ атқару комитеті

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.