16 сәуір ҚРРФ-тің құрылған күні!

Құрметті бірлестік мүшелері!

Қымбатты достар!

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы ұжымының өміріндегі осы бір маңызды оқиғамен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.

Біздер, бұл мерекелік күнді жақсы нәтижелермен қарсы алып отырмыз.

Өйткені, сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында, Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы ұлттық және халықаралық деңгейдегі танымал радиоәуесқойлық және спорттық ұйымға айналды. Біздің қол жеткізген жетістіктеріміз елімізбен қатар, алыс шет елдерге де кеңінен белгілі болып отыр.

Ұлттық спорт ұйымы ретінде қалыптасудың алғашқы қиын жылдарында біз сіздермен бірге, еліміздің радиоәуесқой қозғалысы мен радиоспортының тағдырына немқұрайлы қарамай, қазақстандық патриотизмнің ең жақсы үлгісін көрсете отырып, жастарға лайықты тәрбие бере алатын, шығармашыл адамдар мен талантты спортшылар ұжымын сақтап қала алдық.

Иә, үнемі бәрі бірдей біздің ойымыздағыдай бола қойған жоқ.  Дегенмен  біз ең батыл жобаларды іске асыру үшін, тұрақты жұмыс істей алатын мықты ұйымның іргетасын қалап алдық.

Бүгінгі күні біздің командамызда тәжірибелі радиоәуесқойлар мен белсенді спортшылар қатары көбейіп келеді. Олар өздерінің тәжірибесі мен білімін бөлісуге дайын. Сондай-ақ осы білім мен тәжірибені үйреніп алуға ынталы жастар да жеткілікті. 

Құрметті достар!

Барлықтарыңызға мықты ден-саулық, тамаша көңіл күй, өмірлеріңізде сәттілік, еңбектеріңізге зор табыс тілейміз.

73!

ҚРРФ Атқару комитеті

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.