2021 жылға арналған спорттық іс-шаралар

Құрметті достар!

Біздің сайттың «Радиоспорт» бөлімінде 2021 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары мен жарыстардың ережесі жарияланды.

Өздеріңізге белгілі, биылғы жылға жоспарланған жарыстар, елімізде қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып жүргізілетін болады.

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on 2021 жылға арналған спорттық іс-шаралар

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті достар, Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Барлық қиындықтар мен қиыншылықтар артта қалуын тілейміз. Келер жыл тек қуаныш, күлкі, амандық, жағымды, керемет жаңалықтар әкелсін! Сіздерге бақыт, махаббат және үлкен жетістіктер тілейміз!

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

Жаңа оқу-әдістемелік құрал

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитеті, Нұр-Сұлтан қаласындағы «FREE FLIGHT» баспасынан «Әуесқойлық радиобайланыс және радиоспорт» кітабының шыққанын хабарлайды. Бұл оқу – әдістемелік құрал, осы тақырыпқа арналған қазақ тіліндегі алғашқы еңбек болып табылады.

Шығарманың авторы – Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының президенті Асаубай Сейтқұл Жексенұлы.

Әдістемелік құралда радиоспорттың жалпы және техникалық негіздері берілген, сонымен қатар қазіргі кездегі спорттық принциптері көрсетілген. Радиоспорттың ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулар мен жарыстарды жүргізу құрылғылары мен ұйымдастыру процесі көрсетілген.

Шығарма қазіргі күнгі талаптарға сәйкес құрастырылған, енгізілген ақпараттар жеткілікті, теориялық және тәжірибелік мағнасы бар.

Оқу – әдістемелік құрал спорттық мектептердің, орта мектептер мен жоғары оқу орындарының спорт үйірмелері мен секцияларының спортшыларына ұсынылады.

Кітап, Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитетінің шешімімен бекітіліп, басылымға ұсынылып отыр.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Жаңа оқу-әдістемелік құрал