Біздің бірлестікке 15 жыл!

Құрметті әріптестер және қымбатты достар, сіздерді Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының құрылған күнімен құттықтаймыз!

Бүгін ерекше күн, өйткені осыдан 15 жыл бұрын, дәл осы күні біздің бірлестік құрылған еді!

Сіздермен бірге жұмыс істеген жылдар ішінде біз ынтымақпен көптеген жетістіктерге жеттік! Федерациямыз жаңа белестерді игеріп, жеңістерге жеттік!

Біздерге әрқашан сәттілік серік болсын, федерациямыз одан әрі гүлдене берсін, ал әрқайсыңызға жақсы денсаулық, бақыт, махаббат және отбасылық береке тілейміз.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Біздің бірлестікке 15 жыл! отключены

Жаңа оқу-әдістемелік құрал

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитеті, Нұр-Сұлтан қаласындағы «FREE FLIGHT» баспасынан «Спорттық радиопеленгация және радиоспорт» кітабының шыққанын хабарлайды. Бұл оқу – әдістемелік құрал, осы тақырыпқа арналған қазақ тіліндегі алғашқы еңбек болып табылады.

Шығарманың авторы – Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының президенті Асаубай Сейтқұл Жексенұлы.

Әдістемелік құралда радиоспорттың жалпы және техникалық негіздері берілген, сонымен қатар қазіргі кездегі спорттық принциптері көрсетілген. Спорттық радиопеленгацияның ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулар мен жарыстарды жүргізу құрылғылары мен ұйымдастыру процесі көрсетілген.

Шығарма қазіргі күнгі талаптарға сәйкес құрастырылған, енгізілген ақпараттар жеткілікті, теориялық және тәжірибелік мағнасы бар. Оқу – әдістемелік құрал спорттық мектептердің, орта мектептер мен жоғары оқу орындарының спорт үйірмелері мен секцияларының ұстаздары мен спортшыларына ұсынылады.

Кітап, Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитетінің шешімімен бекітіліп, басылымға ұсынылып отыр.

 

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Жаңа оқу-әдістемелік құрал отключены

Жаңа оқу-әдістемелік құрал

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитеті, Нұр-Сұлтан қаласындағы «FREE FLIGHT» баспасынан «Әуесқойлық радиобайланыс және радиоспорт» кітабының шыққанын хабарлайды. Бұл оқу — әдістемелік құрал, осы тақырыпқа арналған қазақ тіліндегі алғашқы еңбек болып табылады.

Шығарманың авторы — Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының президенті Асаубай Сейтқұл Жексенұлы.

Әдістемелік құралда радиоспорттың жалпы және техникалық негіздері берілген, сонымен қатар қазіргі кездегі спорттық принциптері көрсетілген. Радиоспорттың ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулар мен жарыстарды жүргізу құрылғылары мен ұйымдастыру процесі көрсетілген.

Шығарма қазіргі күнгі талаптарға сәйкес құрастырылған, енгізілген ақпараттар жеткілікті, теориялық және тәжірибелік мағнасы бар.

Оқу — әдістемелік құрал спорттық мектептердің, орта мектептер мен жоғары оқу орындарының спорт үйірмелері мен секцияларының спортшыларына ұсынылады.

Кітап, Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитетінің шешімімен бекітіліп, басылымға ұсынылып отыр.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Жаңа оқу-әдістемелік құрал отключены