Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті достар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймы3!

Сіздерге 2024 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ — береке келсін!

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

WRTC Әлем чемпионаты

Құрметті достар!

Радиоспорттан Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, радиоспорттан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Павел Кукушкин, UN9L,  Олег Шевцов, RM9L екеуі, WRTC әлем чемпионатына қатысу үшін Италияға аттанды.

Жарыс 8 шілде, сенбі күні UTC уақыты бойынша 12:00-де басталады.

Спортшыларымызға чемпионатта сәттілік тілейік!

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи WRTC Әлем чемпионаты отключены

АЙБЫН әскери-патриоттық іс-шара туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына орай ҚРРФ командасы 2023 жылғы 16-18 маусым аралығында «AIBYN» халықаралық әскери-патриоттық іс-шарасына қатысты.

Іс-шара Қарағанды ​​қаласы іргесіндегі Спасск әскери полигонында өтті.

Полигон аумағында радиоспорттың барлық түрлері орналастырылып, қатысушылар үшін арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Аталған іс-шарадағы біздің секцияға еліміздің барлық аймақтарынан, сондай-ақ Әзірбайжан мен Өзбекстаннан келген қатысушылар үлкен қызығушылық танытты.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи АЙБЫН әскери-патриоттық іс-шара туралы отключены