Түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум

2018 жылғы қараша айының 15 күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Байланыс бас басқармасы мен Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум, тараптардың Қазақстандағы радиоспортты дамытуда, Қарулы Күштердің мүдделеріндегі радиобайланыс мамандарын дайындау үшін, әскери спорттық бөлімшелер мен спорттық жаттықтыру орталықтарын құруда, өзара қолдаулар мен белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз ету, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әлемдік перспективалық ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктерді көпшілікке танымал ету, және насихаттау мақсатында жасалған.

Тараптардың Меморандумды іске асыру жөніндегі үйлестірушілері:

ҚР ҚК Байланыс бас басқармасынан – ҚР ҚК Байланыс бас басқармасының бастығы;

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясынан – бірлестік Президенті;

 

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум

Ұлттық QSL-бюро қызметіндегі өзгерістер

2018 жылдың 8-ші қарашасында КРРФ президентінің бұйрығымен ұлттық QSL-бюро қызметіне ұйымдастырушылық өзгерістер енгізілді. Ұлттық QSL-бюро Астана қаласы, Құдайбердіұлы көшесі 26, 8 қабат мекен-жайында орналасқан ҚРРФ кеңсесіне ауыстырылды. Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, №88 абоненттік жәшік.
тел. +7 (778) 695 6338, E-mail : un1hq@kfrr.kz

QSL-бюроның жаңа жетекшісі болып Жарылқасын Айдана тағайындалды.
Жарылқасын Айдана Арманқызы, UN7ZAL – радиоспорттан ҚР спорт шеберіне үміткер, радиоспорттан республикалық және халықаралық спорттық сайыстардың тұрақты қатысушысы, республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы, Спорттық радиопеленгация бойынша IARU жұмыс тобының мүшесі.

QSL- бюроға төлемдерді аударуға арналған жаңа шот:
Халык банк, Шот 4390 8722 0001 4548, Жарылқасын Айдана Арманқызы, ИИН 980514451068, төлем атауы: шот картасын толтыру. Төлемдер тек қана облыстық QSL- бюро жетекшілерінен қабылданады.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Ұлттық QSL-бюро қызметіндегі өзгерістер

Алматы қаласының СРП бойынша алғашқы Чемпионаты

2018 жылдың 30-31 қазан күндері спорттық радиопеленгациядан Алматы қаласының алғашқы чемпионаты болып өтті. Чемпионатты Алматы қаласы бойынша ҚРРФ филиалы ҚРРФ және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.  Жарыста қаланың 4 мектебінің оқушылары мен Жас Ұлан мектебінің курсанттары,  барлығы 30 адам бақ сынасты.  Сайысқа ҚРРФ Президенті Сейтқұл Асаубай, UN7ZA, ҚРРФ Вице-президенті Иманқұлов Адай, ҚРРФ-ның Алматы қаласы бйынша Филиалының жетекшісі Жиенбаев Ерұлан және Алматы қаласы әкімдігінің білім басқармасының өкілі келіп қатысты. Чемпионатты ұйымдастыру жағынан практикалық көмекті Филиалдың арнайы шақыруымен келген ҚРРФ спорттық радиопеленгация бойынша комитеті мүшелері көрсетті.  Чемпионат алдында №92 мектеп-лицейде СРП жарыстарын өткізу туралы семинар өткізілді.

 

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Алматы қаласының СРП бойынша алғашқы Чемпионаты