ҚТ-дағы радиобайланыстан жастар арасындағы ҚР ашық Чемпионатына (Жас Ұлан-20109) шақыру

Қымбатты достар!

Радиоспорттан 2019 жылғы халықаралық және республикалық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес осы жылдың 26 қаңтарында ҚТ-дағы радиобайланыстан жастар арасындағы ҚР ашық Чемпионаты (Жас Ұлан – 2019) болады. Барлық спортшылар мен радиоәуесқойларды осы жарысқа қатысуға шақырамыз. Чемпионаттың Ережесі сайтымыздың «Радиоспорт» бөліміне жүктелген.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on ҚТ-дағы радиобайланыстан жастар арасындағы ҚР ашық Чемпионатына (Жас Ұлан-20109) шақыру

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті әріптестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа жылда ырыстарыңыз көп болып, табыстан табысқа жете беріңіздер! Жаңа 2019 жылдағы жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын!

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Жаңа жыл құтты болсын!

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды, әсіресе қазак ұлтын тәуелсіздік кунімен құттықтаймын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және алдағы жұмыстарыңызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілейміз!

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын!