Author Archives: Администратор
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
Құрметті әріптестер, жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл — жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, қызықты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. ҚРРФ атқару комитеті
UNDXC-2024 белсенділік Рейтингі
Белсенділік рейтингі
UNDXC -2024 нәтижесі
Құрметті чемпионатқа қатысушылар! Сіздерге қысқа толқындағы радиобайланыс бойынша Қазақстан Республикасы ашық чемпионатының (UNDXC-2024) нәтижелері жарияланғанын хабарлаймыз. Жарыс нәтижелерімен біздің сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионат сайтында www.undxc.kz танысуларыңызға болады. ҚРРФ Атқару комитеті барлық жарыс қатысушыларына чемпионатқа белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді. Сонымен қатар, чемпионатты ұйымдастырудағы бастамалары мен қолдаулары үшін UN3G мен UN9L — ге ерекше ризашылығымызды, … Continue reading


