Author Archives: Администратор
Радиобайланыстан ҚР чемпионаты (UNDXC-2026)
Құрметті достар! Радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың 2026 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты (UNDXC-2026) өтеді. Қазақстанның және әлемнің барлық спортшыларын осы жарысқа қатысуға шақырамыз. Чемпионат Ережесі сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионаттың undxc.kz сайтында жарияланған. ҚРРФ атқару комитеті
Қостанай қаласындағы №11 мектептің ұжымдық радиостанциясына 60 жыл.
2026 жылғы 7 мамырда Қостанай қаласындағы №11 мектептің ұжымдық радиостанциясы өзінің 60 жылдығын атап өткелі отыр. Осы жылдарда радиостанция тек техникалық шығармашылық орталығы ғана емес, сонымен қатар байланыс, инженерия, ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандарды дайындаудың бірегей білім беру алаңына айналды. Радиостанцияның даму тарихы 1966 жылы 7 мамырда бастау алған еді. Оқушылар бұрынғы Кеңес Одағының әртүрлі … Continue reading
Жоғары жылдамдықты телеграфиядан Қазақстан чемпионаты
2026 жылғы сәуір айының 18-19 күндері Астана қаласында жоғары жылдамдықты телеграфиядан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа Петропавл қаласындағы Әскери академия курсанттары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының әскери қызметшілері және Астана қаласының жас спортшылар қатысты. Жарыс Астана қаласы әкімдігінің Техникалық және көркем шығармашылық орталығында орналасқан, Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының оқу-әдістемелік орталығында, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Қазылар … Continue reading


