UNDXC -2024 нәтижесі

Құрметті чемпионатқа қатысушылар!

Сіздерге қысқа толқындағы радиобайланыс бойынша Қазақстан Республикасы ашық чемпионатының (UNDXC-2024) нәтижелері жарияланғанын хабарлаймыз.

Жарыс нәтижелерімен біздің сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионат сайтында www.undxc.kz танысуларыңызға болады.

ҚРРФ Атқару комитеті барлық жарыс қатысушыларына чемпионатқа белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді.

Сонымен қатар, чемпионатты ұйымдастырудағы бастамалары мен қолдаулары үшін UN3G мен UN9L — ге ерекше ризашылығымызды, сондай-ақ еліміздің басқа да белсенді  радиоәуесқойларына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Чемпионат жеңімпаздарын құттықтаймыз!

ҚРРФ президенті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи UNDXC -2024 нәтижесі отключены

Радиобайланыстан ҚР чемпионатына шақыру (UNDXC-2024)

Құрметті достар!

Радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың 2024 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 мамырында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты (UNDXC-2024) өтеді.

Оған Қазақстанның және әлемнің барлық спортшыларын қатысуға шақырамыз.

Чемпионат Ережесі сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионаттың undxc.kz сайтында жарияланған.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Радиобайланыстан ҚР чемпионатына шақыру (UNDXC-2024) отключены

Эфирде UP7WWA

Құрметті достар!

Италиян ғалымы Гульельмо Марконидің туғанына 150 жыл толуын мерекелеуге байланысты және барлық елдердің радиоәуесқойлары арасындағы достықты насихаттау мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 қаңтарына аралығында UP7WWA арнайы шақыру сигналымен қазақстандық радиоәуесқойлық станция эфирде болады.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment