Жарыс ережесі

1. Спорттық жарыстың атауы және өткізілу орны мен уақыты

Жарыстың атауы: Қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты (UNDX CONTEST — 2024).

Жарыс қысқа толқын эфирлік кеңістігінде, 2024 жылғы мамыр айының 18 күні, сағат 06.00 UTC — 20.59 UTC аралығында, қысқа толқындағы радиобайланыс жарыстары үшін IARU жиілік жоспарына сәйкес  80м, 40м, 20м, 15м, 10м диапазондарында жүргізіледі.

Модуляция түрлері: CW, SSB. Жалпы шақыру сигналы: “CQ UN TEST”.

2. Жарысқа қатысушы ұйымдар

Жарысқа қатысуға қазақстандық радиоәуесқой лицензиясы бар спортшылары, клубтық радиостанциялар және радиобақылаушылар шақырылады. Жарысқа қатысушылардың құрамы жыныстық немесе жас ерекшелігі жағынан шектелмейді.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы (әрі қарай – ҚРРФ) және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. Жарыстарды тікелей өткізу Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы бекітілген төрешілер алқасына жүктеледі Жарысқа төрешілік етуші төрешілер алқасының құрамы 3 төрешіден кем болмауы тиіс.

Төрешілер алқасының құрамы:

• Бас төреші

• Бас хашы

• Техникалық төрешілер

Жарысқа төрешілік ету арнайы радиоэлектронды жабдықтарды пайдалану арқылы, цифрлы бағдарлама бойынша, қашықтықтан бақылау түрінде жүргізіледі.

Жарыстарды ұйымдастыру келесі құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

— Радиоспорт бойынша жарыстарды өткізудің ережелері,

— Радиоәуесқой қызметтерінің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану ережелері,

— Қазақстан Республикасының спорт классификациясы,

— Радиоспорт бойынша 2024 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары.

Спортшылардың, сандық құрамы

Жарысқа қатысушылардың саны шектелмейді және келесі санаттары бойынша жарысқа қатыса алады:

SO-AB-MIX — Бір оператор, барлық диапазондар, модуляцияның барлық түрлері,

SO-AB-CW — Бір оператор, барлық диапазондар, тек қана CW,

SO-АB-SSB — Бір оператор, барлық диапазондар, тек қана SSB,

MO-AB-MIX — Көп оператор, бір радиотолқын таратқыш, барлық диапазондар, модуляцияның барлық түрлері,

SWL — Радиобақылаушылар.

Спорттық жарысты өткізу жүйесі

Барлық топшалар үшін диапазоннан диапазонға ауысу саны шектелмейді. Жарысқа қатысушылар эфирдегі жұмыс және аппараттық журналды жүргізу бойынша барлық әрекеттерді өз беттерінше орындайды. Уақыттың кез-келген мезгілінде радиостанция тек бір сигнал ғана таратуы тиіс. Жарысқа қатысушы тек бір есептік топшада ғана жарысқа қатысуы мүмкін, бірақ сонымен бірге есептеуден тыс басқа диапазондарда немесе модуляцияның басқа түрімен байланыстарды (check log) ретінде жасауға болады. Жарысқа қатысушының санаты міндетті түрде есептік топшада нақты көрсетілуі тиіс. Хабарландырудың ашық желілерін (DX-cluster) қолдануға болады. Self-spotting қолдануға тыйым салынады. Бақылаушылардың есебінде шақыру сигналдары бір сағаттың ішінде 5 реттен артық көрсетілмеуі тиіс.

Қазақстандық қатысушылар үшін қосымша шарттар:

• МОАВ-MIX топшасындағы ұжымдық радиостанциялардың құрамы 2 оператор болуы тиіс.

• Уақытша басқа облыс аумағынан жұмыс істейтін радиостанциялардың нәтижелері өз облысына есептеледі. Мысалы, UN7EY/7 – Ақмола облысы үшін.

Бақылау нөмірлері

• Жарысқа қатысушылар RS(T) және «KDA» дипломының тізімі бойынша Қазақстан әкімшілік ауданның идентификаторын береді (1 қосымшада көрсетілген).

• UN-нен басқа префикс иелері RS(T) және 001 бастап, байланыстың реттік нөмірін береді.

• Байланыстарды нөмірлеу барлық диапазондар бойынша толассыз жүргізіледі.

• Нәтижелерді бағалау жүйесі Жарыс натижелерін анықтау жүйесі радиоэлектронды құрылғылардың көмегімен цифрлық бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Есеп беру:

• Есептемелер CABRILLO форматында тек электрондық түрде ғана қабылданады.

• Электрондық есептің файлының атауы: шақыру сигналы log. немесе cbr. болуы тиіс. Мысалы: UN9XYZ.log

• Электрондық есептің файлы элетрондық хатқа қосымша ретінде жіберілуі тиіс. Хатта қатысушының санаты мен шақыру сигналы көрсетілуі тиіс. Мысалы: UN9XYZ SO-AB-CW • Есептеменің тақырыбында UBN-файлды және басқа ақпаратты жіберу үшін емейл-мекенжайды көрсету ерекше қажет ( EMAIL: abc@abc.com )

• Есептеменің тақырыбында мынадай қосымша ақпаратты көрсету қажет: қатысушылардың спорттық разрядтары және атақтары (мысалы, «СШ», «СШҮ», «1 разряд», «разрядсыз»).

• Есептемелер жарыс аяқталғаннан кейінгі 15 күн ішінде қабылданады. Одан кеш түскен есептемелер CHECKLOG ретінде қабылданады.

• Есептемелерді жіберетін электрондық пошта адресі:  Есептемелерді ua9qcq.com    сайтындағы веб форма арқылы да жіберуге болады.

• Жарысқа қатысушы есептемесін жібере отырып, ондағы ақпаратты ашық жариялауға рұқсат беруі тиіс. Ұпай есептеу: UN қатысушылары үшін:

• UN-мен QSO — 2 ұпай;

• өз континентіндегі басқа префикспен QSO — 3 ұпай;

• басқа континентпен QSO — 5 ұпай. Басқа префикс иелері үшін:

• UN радиостанциясымен QSO — 10 ұпай;

• өз префиксімен QSO — 2 ұпай;

• өз континентіндегі басқа префикс иелерімен QSO — 3 ұпай;

• басқа континентпен QSO — 5 ұпай. Кез-келген қатысушымен модуляцияның әр түрлерімен әрбір диапазонда бір байланыстан жасауға болады. Бір диапазонда модуляцияның бір түрімен жасалған радиобайланыстар қайталама байланыс болып саналады. Мұндай байланыстар үшін ұпай берілмейді. Қайталама байланыстар жасалған үшін айып салынбайды, оларды есептемеде қандай да бір әдіспен белгілеу міндет емес. Есептемеден қайталама байланыстарды алып тастау қажет емес, өйткені бірінші байланыс есептелмеген жағдайда, қайталама байланыс есепке алынады.

Көбейткіш.

• Көбейткіш DXCC және KDA аудандарының тізімі бойынша радиобайланыс жүргізілген префикстер санының сомасы болып табылады. (Осылайша, UN иелерімен бірінші байланыс қос көбейткіш береді).

• Көбейткіш әрбір диапазонда жұмыстың түріне қарамастан тек бір рет қана есептеледі.

• Радиобайланыстардың қорытынды нәтижесі ұпай санының көбейткішке көбейтінді саны бойынша анықталады.

• Егер корреспонденттің бірі қате жіберсе, радиобайланыс екі корреспондентке де есептелмейді. Кореспонденттердің есептемелеріндегі уақыт айырмашылығы 3 минуттан артық болса, радиобайланыс есепке алынбайды.

3. Медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және допингке қарсы шараларды жүргізу

Медициналық-санитарлық қамтамасыз ету мен техникалық қауіпсіздік шараларын қатысушының өзі қамтамасыз етуі тиіс және өз есебінен жүргізіледі. Допингке қарсы шараларды жүргізу Спортшы кез-келген жерде (жарыстарда, оқу-жаттығу жиындарында немесе кез-келген басқа жерде) допинг-бақылау процедурасынан өту үшін іріктелуі мүмкін. Процедурадан өтуден бас тарту допингке қарсы ережелерді бұзу болып табылады, бұл спортшыға қатысты санкцияларды қолдануға әкеледі.

4. Спорттық жарысқа қатысу үшін өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі және қатысушыларды қаржылық қамтамасыз ету тәртібі

Барлық жарысқа қатысушылар жарыстың басталуына 5 күн қалғанға дейін ҚРРФ акредиттелген филиалдары арқылы жарысқа қатысуға өтініштерін электронды түрде жіберулері тиіс. Басқа префикс иелерінің электронды түрде жіберген есептемелері, жарысқа қатысуға жіберген өтініштері ретінде қабылданады. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау шығыны (дипломдар, медальдер, кубоктар) мен шақырылған төрешілердің еңбекақысы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «СДД» РМҚК-ның есебінен жүргізіледі. Далалық позициядан жарысқа қатысушылардың қаражат шығыны, олардың өз есебінен немесе оларды іссапарға жіберуші ұйымдардың еесебінен өтеледі.

5. Спорттық жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібі

Әрбір топшада алғашқы үш орынды иеленген қатысушылар Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің медальдарымен және дипломдарымен марапатталады.

Жарыс жеңімпаздары ҚРРФ есебінен қосымша марапатталуы мүмкін: Әрбір топшада бірінші орын алған басқа префикс иелері жарысқа қатысушылар ҚРРФ плакеткаларымен, 2, 3 орын алған қатысушылар сертификаттарымен марапатталады. Бұрын расталмаған KDA ауданы аумағынан жарысқа қатысушы спортшылар ҚРРФ сертификаттарымен марапатталады. Жарыс нәтижелерін бағалау, арнайы радиоэлектронды жабдықтарды пайдалану арқылы, қашықтықтан бақылау түрінде жүргізіледі. Жарыс нәтижелерін электронды-цифрлық бағдарлама анықтайды. Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Халықаралық радиоәуесқой одағының (IARU) ережелерінде көзделген тәртіппен айқындалады. 

6. Шағым беру және оларды қарастыру тәртібі

Төрешілер алқасының шешімімен келіспеген жарыс қатысушыларының шағымдары жарыстың нәтижелері ресми түрде жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жарыстың бас төрешісінің атына тек жазбаша түрде ғана беріледі. Шағымда жарыс регламентінің шарты бұзылған тармағы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Жарыс регламентінің шарты бұзылған тармағы көрсетілмеген шағымдар, сонымен қатар көрсетілген мерзімнен кеш берілген шағымдар қарастырылмайды.