ҚРРФ-ның 7-ші Конференциясы туралы

2023 жылдың 20 сәуірі күні Астана қаласында, Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының 7-ші Конференциясы өтті. 

Конференцияға еліміздің 10 аймағынан 16 делегат келіп қатысты. Оның ішінде еліміздің 3 аймағынан делегаттар құзіреттерін басқа аймақтарға беру арқылы, 4 аймақтан онлайн видеоконференция арқылы қатысып отырды.

Конференция күнтәртібінде қаралған мәселелер:

  1. ҚРРФ атқару комитетінің 2020 – 2022 жылдары аралығындағы атқарған жұмыстарының барысы туралы.
  2. Радиоспортты дамыту туралы 2020 – 2022 жылдарға арналған кешенді-мақсатты бағдарламаның орындалу нәтижесі туралы.
  3. Ұйымдастырушылық мәселелері.                                                        

Конференцияның күнтәртібіндегі қаралған барлық мәселелердің орындалу барысы бойынша қанағатанарлық деген баға бірауыздан қабылданды.

Конференция 20 сәуір күні, күннің соңына қарай өз жұмысын аяқтады.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.