Қысқа толқынды радиобайланыс бойынша ҚР Ашық Чемпионатына шақыру (UNDXC 2020)

Қымбатты достар!

2020 жылға арналған радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырында қысқа толқынды (UNDXC-2020) радиобайланыс бойынша Қазақстан Республикасының Ашық Чемпионаты өтеді.

Қазақстан мен әлем спортшыларын Чемпионатқа қатысуға шақырамыз. Чемпионаттың ережесі біздің сайттың радиоспорт бөлімінде жарияланды.

ҚРРФ Атқару комитеті