ҚРРФ-на 12 жыл!

Құрметті ҚРРФ мүшелері!
Қымбатты достар!

Қазақсттанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының ұжымының өміріндегі маңызды оқиға – біздің Бірлестіктің құрылғанына 12 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз.

12 жыл – керемет жас. Бұл жастықтың, есеюдің және орындалған, орындалуын күтіп тұрған үміттердің жасы. Бұл өзіңнің де, пікірлестер ұжымының да үміттерінің ақталу жасы. Сіздер өздеріңіздің орасан еңбектеріңізбен және жанкештіліктеріңізбен ҚРРФ-ның ұлттық және халықаралық деңгейдегі елеулі де маңызды радиоәуесқойлық және спорттық бірлестік болып қалыптасуына үлкен үлес қостыңыздар. Біздің жетістіктеріміз Қазақстанда да, алыс-жақын шетелде де кеңінен танымал.

Қалыптасудың қиын жылдарында біз сіздермен Қазақстанның радиоәуесқойлығы мен радиоспортының тағдырына немқұрайлы қарамайтын, қазақстандық патриотизмнің ең жақсы сапасын көрсете отырып, лайықты жастарды тәрбиелеуді жалғастыратын, қазақстандық радиоәуесқойлық мектептің дәстүрлерін сақтап, еселей алатын шығармашылық адамдар, талантты спортшылар ұжымын сақтап қала алдық.

Иә, әрқашан ойлағандырымыз дұрыс іске асқан жоқ. Бірақ әрдайым әріптестердің, достардың, тәрбиеленушілердің алғыстары мен мойындауы болды, бар және болады. Біз Сіздерді мақтан тұтамыз, ҚРРФ-ның қымбатты мүшелері. Қазақстандық жастар сіздерден үлгі алады.

Қымбатты достар, сіздерге мол табыс, денсаулық, бақыт, өзара түсіністік пен спорттық жетістік қуанышын тілейміз!

Құрметпен,
ҚРРФ атқару комитеті

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.