2018 жылдың 19 қазанында ҚРРФ-ның Астана қаласы бойынша филиалының басшысы Қожахметов Нұрбек Әлімбекұлы магистратурада оқуын жалғастыруына байланысты ҚРРФ Президенті бұйрығымен қызметінен босатылды. Оның орнына ҚРРФ Астана қаласы бойынша филиалының жаңа басшысы ретінде Оспанов Ұлан Русланұлы тағайындалды.
Оспанов Ұлан Русланұлы — келешегінен мол үміт күттіретін жас спортшы, радиоспорттан республикалық жарыстардың тұрақты қатысушысы және әр түрлі республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушыларының бірі.
ҚРРФ атқарушы комитеті