ҚРРФ қайта тіркеуден өтті

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы, қауымдастық Конференциясының шешімі негізінде, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерту енгізілуіне, , яғни жарғының жаңа редакциясының бекітілуіне байланысты, 2017 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.
Қауымдастықтың жаңа Жарғысын бекіту, бүгінгі күннің талабына орай, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістерге сәйкес жүргізіліп отыр.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on ҚРРФ қайта тіркеуден өтті

Жылдамдық радиотелеграфиядан келесі, 2018 жылғы Әлем Чемпионаты туралы

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы, жылдамдық радиотелеграфиядан келесі, 2018 жылғы Әлем Чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды. Бұл шешім, 2017 жылғы қыркүйек айының 11 күні, Венгрияның Эстергом қаласында өткен, Әлем Чемпионаты кезінде, IARU комиссиясының жиылысында қабылданды. Сонымен, жылдамдық радиотелеграфиядан келесі, 2018 жылғы Әлем Чемпионаты біздің елде өтетін болды.

СРТ Комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Жылдамдық радиотелеграфиядан келесі, 2018 жылғы Әлем Чемпионаты туралы

Жылдамдық радиотелеграфиядан Әлем Чемпионатының нәтижесі

Қыркүйек айының 8 – 12 аралығында Венгрияның Эстергом қаласында өткен жылдамдық радиотелеграфиядан Әлем Чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрама командасы 4 және 5 орындарды иеленді. Чемпионатқа әлемнің 18 елінен 130 спортшы қатысты.

Morse Runner
В категориясы
Мустафин Азамат – 5 орын
Н категориясы
Джанабаев Назар – 8 орын

Қабылдау
В категориясы
Мустафин Азамат – 4 орын
Н категориясы
Джанабаев Назар – 10 орын

Жиберу
В категориясы
Мустафин Азамат – 4 место
Н категориясы
Джанабаев Назар – 9 орын

Rufz
В категориясы
Мустафин Азамат – 5 орын
Н категориясы
Джанабаев Назар – 6 орын

ЖРТ Комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Жылдамдық радиотелеграфиядан Әлем Чемпионатының нәтижесі