Радиобақылаушылар туралы ереже (SWL)

Бұл құжат Қазақстан Республикасындағы радиоәуесқойлар мен радиоспортшылардың Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы ұйымдастырған спорттық іс-шараларына қатысуы үшін радиобақылаушы шақыру сигналдарын тіркеу және пайдалану  тәртібін реттейді.

Қазақстандағы радиобақылаушы мәселесі жайлы түсініктеме:

Қолданыстағы » радиоәуесқойлық қызметтердің РЭҚ тіркеу және пайдалану Қағидаларында » (Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 28 қазандағы № 1624 Қаулысы) радиобақылаушылардың (SWL) жұмыс тәртібі реттелмеген. Себебі, мемлекеттік уәкілетті органдар  радиотолқын таратушы құрылғылардың ғана тіркеу және пайдалану тәртібін реттейтіндіктен, радиоқабылдағыш құрылғылар мұндай бақылауға жатпайды.

Осы жағдайға сәйкес, кез келген азамат радиобақылаумен өз еркінше (өзіне шақыру сигналын ойлап табу, QSL-карточка басып шығару, бүкіл әлем бойынша жарыстарға қатысу және т. б.). айналысуға еркі бар. Кез келген басқа да спорттық ұйымдар (одақтар, қауымдастықтар, мектептердегі үйірмелер) SWL шақыру сигналының өз жүйесін ойлап табуына болады. Алайда, мұндай жағдайда әр түрлі қиын мәселелер туындауы мүмкін.

Сондықтан, КФРР мемлекеттік тарапынан аккредиттелген ұйым болғандықтан, өзі ұйымдастырған және басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда радиобақылаушылар жұмысы бойынша  өз қызмет тәртібін анықтайды.

Осы жағдайға байланысты, радиобақылаушылар, өзіне ойлап тапқан шақыру сигналын КФРР спорт комитетінде тіркеуден өткізбеген жағдайда, КФРР тарапынан өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстарында олар дисквалификациялауға жатады . Сонымен қатар, олар ұлттық QSL-почта қызметін пайдалануға, спорттық разрядтар алуына (ҚТ және УҚТ радиобайланыс жарыстары бойынша) мүмкідігі болмайды.

==============================================================================

«Бақылаушы»санаты:

Префикс  –  қолданыстағы Қағиданың 65 б.  сәйкес екі әріп;

үш сан — реттік тіркеу нөмірі;

суффикс –  қолданыстағы Қағиданың 16 бабына сәйкес әріп;

Мысалы: UN-001-А.

==============================================================================

Радиобақылаушылар шақыру сигналдарын тіркеу ҚРРФ облыстық филиалдары деңгейінде жүргізіледі және осы ережеге сәйкес SWL-шақыру сигналдары белгіленген тіркеу куәліктері беріледі.

Біздің ұсыныс:  Бұрын берілген шақыру сигналдарын көрсетілген стандартқа сәйкестендірулеріңізді сұраймыз. UN7-001-A немесе UN-A-001   секілді шақыру сигналдары жарамсыз деп танылады.

 

ҚРРФ Президиумы