Радиокөпсайыстан 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты

Радиоспорттан 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, мамыр айының 7-10 күндері Ақмола облысы «Бурабай» ұлттық табиғи қорығы аймағында Радиокөпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Чемпионат Радиокөпсайыс регламентіне сәйкес төрт бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Жарыс Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының жоспарына сәйкес «Бурабай» ұлттық табиғи қорығының радиоспорт жарыстарына арналған белгіленген аймақтарында өтеді деп жоспарланып отыр.

This entry was posted in Оқиғалар. Bookmark the permalink.