Радиоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты(үшсайыс)

1. Спорттық жарыстың атауы және өткізілу орны мен уақыты

Жарыстың атауы: Радиоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты          (үшсайыс)   

Жарысты өткізу орыныБурабай кенті, өткізу уақыты 2024 жыл 10-14 қыркүйек аралығы.

Жарысқа қатысушылар мен жарыс төрешілерінің жарысқа келу күні 2024 жылдың 9 қыркүйегі, жарыстан кері қайту күні 2024 жылдың 15 қыркүйегі.

2. Жарысқа қатысушы ұйымдар

Чемпионатқа қатысуға Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының құрама командалары шақырылады. Жарысқа облыстық құрама команда мүшелері облыстық чемпионаттың нәтижесі бойынша іріктеліп, жарысқа жіберіледі.

Топтар жас ерекшеліктеріне сәйкес жарыстың әр түріне қарай анықталады.

Жарысқа қатысушы командалар құрамының саны жарыс ережесінің санатына сәкес болуы тиіс.

Командалар құрамы:

Е21 – 3 адам,        Ә21 – 3 адам,       Е19 – 3 адам,        Ә19 – 3 адам

Е16 – 3 адам,        Ә16 – 3 адам,       Е14 – 3 адам,        Ә14 – 3 адам,

1 жаттықтырушы (команда өкілі), 1-3 төреші болуы тиіс.

Спортшылардың жынысы мен туған жылы

Жасөспірімдер (ерлер, әйелдер) 14 – 17 жас.

Юниорлар (ерлер, әйелдер) 18, — 20 жас.

Жастар (ерлер, әйелдер) 21 – 28 жас.

29 жас және одан жоғары (ересек әйелдер мен ерлер).

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы (әрі қарай – ҚРРФ) және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Жарыстарды тікелей өткізу Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы бекітілген төрешілер алқасына жүктеледі

Жарысқа төрешілік етуші төрешілер алқасының құрамы 7 төрешіден кем болмауы тиіс.

Төрешілер алқасының құрамы:

  • Бас төреші
  • Бас хашы
  • Техникалық төрешілер

Жарысқа төрешілік ету арнайы радиоэлектронды жабдықтарды пайдалану  арқылы, цифрлы бағдарлама бойынша, қашықтықтан бақылау түрінде жүргізіледі.

Жарыстарды ұйымдастыру келесі құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

— Радиоспорт бойынша жарыстарды өткізудің ережелері,

— Радиоәуесқой қызметтерінің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану ережелері,

— Қазақстан Республикасының спорт классификациясы,

— Радиоспорт бойынша 2024 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары.

Спорттық жарысты өткізу жүйесі

Жарыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады:

1-бөлім:  Спринт 3,5 МГц, диапазонында. 

2-бөлім:  Радиокөпсайыс, 1-ші бағдарлама.

3-бөлім:  Радиопеленгация 145 МГц. диапазонында.

4-бөлім:  Радиокөпсайыс, 2-ші бағдарлама (Дуатлон).

5-бөлім:  Радиопеленгация 3,5 МГц. диапазонында.

Әрбір қатысушы радиоқабылдағыш-пеленгатормен, құлаққаппен, спорттық арнайы компаспен, жарыс өтетін аймақтың топографиялық картасымен, планшетпен қатамасыз етілуі тиіс.

  • 3. Медициналық-санитарлық қамтамасыз  ету және допингке қарсы шараларды жүргізу
  •  
  • Санитарлық  режімнің  талаптары: 
  • —        командалардың  бөлек  және  қауіпсіз орналасуы   мен тамақтануын  қамтамасыз  ету (жарыс  өтетін  орынға  барынша  жақын болуы тиіс);
  • —        орналасқан және  тамақтанатын, жарыс  өтетін  орындардан тыс  жерлерге  қатысушылардың  рұқсатсыз баруын  шектеу;
  • —        Карантиндік  шектеу  шаралары  болған жағдайда  олардың талаптары   сақталуы тиіс.
  • —        тазалықты  сақтау;
  • —        санитарлық тораптарды (дәретхана және т.б.)  жеке тазалық  құралдарымен (сұйық сабын,  антисептиктер) қамтамасыз  ету;

Спортшы кез-келген жерде (жарыстарда, оқу-жаттығу жиындарында немесе кез-келген басқа жерде) допинг-бақылау процедурасынан өту үшін іріктелуі мүмкін. Процедурадан өтуден бас тарту допингке қарсы ережелерді бұзу болып табылады, бұл спортшыға қатысты санкцияларды қолдануға әкеледі.

4. Спорттық жарысқа қатысу үшін өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі және қатысушыларды қаржылық қамтамасыз ету тәртібі

Жарысқа қатысу туралы өтініш жарыстың басталуына 10 күн қалғанға дейін ҚРРФ акредиттелген филиалдары арқылы электронды түрде жіберілуі тиіс.

Өтініштер жеке тізім бойынша жарысқа келген күні мандаттық комиссияда бекітіледі.

Мандаттық комиссияға келесі құжаттар табыс етілуі тиіс:

  1. Жеке куәлік
  2. Спорттық кітапша
  3. Медициналық анықтама

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау шығыны (дипломдар, медальдер, кубоктар) мен шақырылған төрешілердің еңбекақысы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «СДД» РМҚК-ның есебінен жүргізіледі.

Қатысушылар мен төрешілердің жол шығыны, қонақ үйде тұруы, тамақтануы және қатысу жарналары үшін шығындарды оларды іссапарға жіберетін ұйымдар және спортшылардың өздері өтейді.

5. Спорттық жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібі

Әрбір топшада алғашқы үш орынды алған қатысушылар Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің медальдарімен және дипломдарымен марапатталады.

Жарыс нәтижелерін бағалау, арнайы радиоэлектронды жабдықтарды пайдалану арқылы, қашықтықтан бақылау түрінде жүргізіледі. Жарыс нәтижелерін электронды-цифрлық бағдарлама  анықтайды.

Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Халықаралық радиоәуесқой  одағының (IARU) ережелерінде көзделген тәртіппен айқындалады.

6. Шағым беру және оларды қарастыру тәртібі

Шағымдарды спорт жарыстарына қатысатын спорт командасының өкілі ғана, ол болмаған жағдайда – спорт командасының капитаны жарыстың ресми нәтижелері жарияланғаннан кейін 1 сағат ішінде бере алады. Жеке біріншілікке шығатын спорт жарыстарының қатысушылары шағымдарды өз беттерінше бере алады.

Шағымдар жазбаша түрде беріледі. Шағымдар спорт жарыстарының бас төрешісінің атына жазылып, спорт жарыстарының бас хатшысына тапсырылады.

Шағымда, шағым беруші «Спорт жарыстарының ережесінің» немесе қағидаларының қандай тармағының бұзылғанын көрсетуі тиіс.  «Спорт жарыстарының ережесінің» немесе қағидаларының қандай тармағы бұзылғаны көрсетілмеген, немесе уақытынан кеш берілген шағымдар қаралмайды.

This entry was posted in Оқиғалар. Bookmark the permalink.