2018 жылдың 16 қазанында ҚРРФ-ның Қостанай облысындағы филиалының басшысы Сытов Александр Сергеевич өз еркімен, өтінішіне сәйкес ҚРРФ Президентінің бұйрығы негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды. Оның орнына Қостанай облысы филиалының басшысы болып Кукушкин Павел Алексеевич тағайындалды.
Кукушкин Павел Алексеевич, UN9L — үлкен радиоәуесқойлық тәжірибеге ие адам, контестмен, республикалық және халықаралық контестерге үздіксіз қатысып тұрады, әр түрлі республикалық радиоәуесқойлық іс-шаралардың белсенді қатысушысы, бизнесмен. Оның кандидатурасы Қостанай облысы бойынша ҚРРФ мүшелерінің жиналысында ұсынылды.
ҚРРФ атқарушы комитеті