Радиоспорт оқу-методикалық орталығы

Астана қаласындағы келесі мекенжайларда, Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының жаңа оқу-әдістемелік орталықтары ашылғанын хабарлаймыз:

1. Білім парк, Достық көшесі, 14, ЖК «Нұрсая», 1-қабат

2. Білім парк, Железнодорожный ш/а, Ж. Жабаева көшесі, 14

Оқу орталықтарында радиоспорт бойынша, мектеп оқушыларына арналған келесідей  оқу үйірмелері ашылған:

1. Қысқа толқындағы және ультра қысқа толқындағы радиобайланыс.

2. Жоғары жылдамдықты радиотелеграфия.

3. Спорттық радиопеленгация.

4. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару.

Оқу методикалық орталықтар, қалалық техникалық шығармашылық орталығында орналасқан және Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясы мен техникалық шығармашылық орталықтың күш-жігерінің арқасында барлық қажетті жабдықтармен және аппараттармен жабдықталған.

Қазіргі уақытта орталықта UN7ZWW радиостанциясы, жоғары жылдамдықты радиотелеграфия, спорттық радиопеленгация және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару үйірмелері жұмыс істейді.

Бірлестіктің барлық конференциялары, кездесулері, семинарлары, курстары, спорттық жарыстары және басқа да іс-шаралары сол жерде өткізіледі.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Радиоспорт оқу-методикалық орталығы отключены

Жарыс нәтижесі UNDXC-2025

Құрметті әрңптестер!

Қысқа толқындағы радиобайланыстан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының нәтижесі жарияланғанын хабарлаймыз.

Жарыс нәтижесімен біздің сайттың Радиоспорт бөлімінде және Чемпионат сайтында www.undxc.kz танысуға болады.

Барлық чемпионат қатысушыларына жарысқа белсенді қатысқандары үшін, жарыс төрешілері мен ұйымдастырушыларына жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз.

Чемпионат демеушісі Кукушкин Павел Алексеевичке, UN9L  жарысты үйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін айрықша құрметімізді білдіреміз.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Жарыс нәтижесі UNDXC-2025 отключены

Радиобайланыстан ҚР чемпионатына шақыру

Құрметті достар!

Радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың 2025 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 мамырында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты (UNDXC-2025) өтеді.

Қазақстанның және әлемнің барлық спортшыларын осы жарысқа қатысуға шақырамыз. Чемпионат Ережесі сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионаттың undxc.kz сайтында жарияланған.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Радиобайланыстан ҚР чемпионатына шақыру отключены