ҚРРФ-ның 7-ші Конференциясы туралы

2023 жылдың 20 сәуірі күні Астана қаласында, Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының 7-ші Конференциясы өтті. 

Конференцияға еліміздің 10 аймағынан 16 делегат келіп қатысты. Оның ішінде еліміздің 3 аймағынан делегаттар құзіреттерін басқа аймақтарға беру арқылы, 4 аймақтан онлайн видеоконференция арқылы қатысып отырды.

Конференция күнтәртібінде қаралған мәселелер:

  1. ҚРРФ атқару комитетінің 2020 — 2022 жылдары аралығындағы атқарған жұмыстарының барысы туралы.
  2. Радиоспортты дамыту туралы 2020 — 2022 жылдарға арналған кешенді-мақсатты бағдарламаның орындалу нәтижесі туралы.
  3. Ұйымдастырушылық мәселелері.                                                        

Конференцияның күнтәртібіндегі қаралған барлық мәселелердің орындалу барысы бойынша қанағатанарлық деген баға бірауыздан қабылданды.

Конференция 20 сәуір күні, күннің соңына қарай өз жұмысын аяқтады.

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи ҚРРФ-ның 7-ші Конференциясы туралы отключены

Біздің бірлестікке 15 жыл!

Құрметті әріптестер және қымбатты достар, сіздерді Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының құрылған күнімен құттықтаймыз!

Бүгін ерекше күн, өйткені осыдан 15 жыл бұрын, дәл осы күні біздің бірлестік құрылған еді!

Сіздермен бірге жұмыс істеген жылдар ішінде біз ынтымақпен көптеген жетістіктерге жеттік! Федерациямыз жаңа белестерді игеріп, жеңістерге жеттік!

Біздерге әрқашан сәттілік серік болсын, федерациямыз одан әрі гүлдене берсін, ал әрқайсыңызға жақсы денсаулық, бақыт, махаббат және отбасылық береке тілейміз.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Біздің бірлестікке 15 жыл! отключены

Жаңа оқу-әдістемелік құрал

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитеті, Нұр-Сұлтан қаласындағы «FREE FLIGHT» баспасынан «Спорттық радиопеленгация және радиоспорт» кітабының шыққанын хабарлайды. Бұл оқу – әдістемелік құрал, осы тақырыпқа арналған қазақ тіліндегі алғашқы еңбек болып табылады.

Шығарманың авторы – Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының президенті Асаубай Сейтқұл Жексенұлы.

Әдістемелік құралда радиоспорттың жалпы және техникалық негіздері берілген, сонымен қатар қазіргі кездегі спорттық принциптері көрсетілген. Спорттық радиопеленгацияның ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулар мен жарыстарды жүргізу құрылғылары мен ұйымдастыру процесі көрсетілген.

Шығарма қазіргі күнгі талаптарға сәйкес құрастырылған, енгізілген ақпараттар жеткілікті, теориялық және тәжірибелік мағнасы бар. Оқу – әдістемелік құрал спорттық мектептердің, орта мектептер мен жоғары оқу орындарының спорт үйірмелері мен секцияларының ұстаздары мен спортшыларына ұсынылады.

Кітап, Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының атқару комитетінің шешімімен бекітіліп, басылымға ұсынылып отыр.

 

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Жаңа оқу-әдістемелік құрал отключены