Бірлестіктің Астана қаласындағы оқу-әдістемелік орталығында Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының 8-ші Республикалық конференциясы өтті.
Делегаттар, еліміздің 14 аймағынан конференцияға онлайн режимінде қатысып отырды.
Конференция делегаттары қауымдастықтың басшылығы мен тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі есептерін тыңдады.
Сонымен қатар, қатысушылар еліміздегі радиоспорт пен радиоәуесқойлықты дамыту мүмкіндіктерін талқылап, ағымдағы мәселелердің шешу жолдарын және қауымдастықтың білім берудегі әдістемелік құралдары мен материалдық-техникалық ресурстарын нығайту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар жастарды радиоспортқа тартудың маңыздылығы, еліміздің техникалық әлеуетін дамытуға инвестиция болып табылатынын атап өтті.
ҚРРФ атқару комитеті


