Радиоспорт 2026

Құрметті әріптестер!

Радиоспорттан 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының жарияланғаны туралы хабарлаймыз.

Спорттық іс-шаралардың жарыс ережелері мен күнтізбелік жоспарлары туралы біздің сайттың радиоспорт бөлімінде таныса аласыздар.

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының төрешілер алқасы мен ұйымдастырушыларына спорттық жарыстарды жоспарлау жұмыстары мен жарыстарды жүргізуге дайындық іс-шараларын сапалы атқарғандары үшін алғысымызды білдіреміз.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Радиоспорт 2026 отключены

Тәуелсіздік күнімен!

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен шыққан құттықтау  тілектерімізді қабыл алыңыздар!

Әрбір отбасына мықты денсаулық, әл-ауқат пен тұрақтылық, елімізге бейбітшілік  тілейміз! Келісім мен өзара түсіністік әрдайым сіздің үйлеріңізден орын алсын!

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Тәуелсіздік күнімен! отключены

Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының 8-ші Республикалық Конференциясы

Бірлестіктің Астана қаласындағы оқу-әдістемелік орталығында Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының 8-ші Республикалық конференциясы өтті.

Делегаттар, еліміздің 14 аймағынан конференцияға онлайн режимінде қатысып отырды.

Конференция делегаттары қауымдастықтың басшылығы мен тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі есептерін тыңдады.

Сонымен қатар, қатысушылар еліміздегі радиоспорт пен радиоәуесқойлықты дамыту мүмкіндіктерін талқылап, ағымдағы мәселелердің шешу жолдарын және қауымдастықтың білім берудегі әдістемелік құралдары мен материалдық-техникалық ресурстарын нығайту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шара барысында қатысушылар жастарды радиоспортқа тартудың маңыздылығы, еліміздің техникалық әлеуетін дамытуға инвестиция болып табылатынын атап өтті.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының 8-ші Республикалық Конференциясы отключены