Спорттық радиопеленгациядан Қазақстанның 12-ші чемпионаты

2023 жылғы мамыр айының 10 мен 15 аралығында, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы аумағында, спорттық радиопеленгациядан Қазақстан Республикасының 12-ші чемпионаты өтті.

Чемпионатты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт комитетінің қолдауымен Қазақстанның радиоспорт және әуесқойлар федерациясы ұйымдастырды.

Жарысқа еліміздің төрт облысынан 38 қатысушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан командасы қатысты.

Чемпионат жеңімпаздары Мәдениет және спорт министрлігінің дипломдары мен медальдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға чемпионатқа қатысқаны үшін ҚРРФ сертификаттары тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының спортшысы Семенов Андрей Викторовичке радиоспорт бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері куәлігі табыс етілді.

Сонымен қатар, Чемпионат барысында радиоспорт жаттықтырушылары мен төрешілері үшін спорттық радиопеленгация жарыстарын ұйымдастыру бойынша семинар өткізілді.

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Спорттық радиопеленгациядан Қазақстанның 12-ші чемпионаты

Телеграфиядан республикалық турнир туралы

Кеше, сәуір айының 22 жұлдызы күні Астана қаласында жоғары жылдамдық радиотелеграфия бойынша республикалық турнир өтті.

Жарысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының Академия курсанттары мен еліміздің сегіз облысынан әскери қызметшілері, сондай-ақ Астана қаласының жас спортшылары қатысты.

Турнирге қатысушылар сонымен қатар әуесқойлық радиостанцияларда радиобайланыс жүргізу бойынша тәжірибе алмасып, спорттық радиопеленгацияға арналған құралдармен және басқа да жабдықтармен танысты.

Жарыс жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Телеграфиядан республикалық турнир туралы

ҚР ҰҰ қызметшілерімен өткізілген семинар

Бүгін, 2023 жылдың 21 сәуірі күні Астана қаласында еліміздің 8 өңірінен келген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының әскери қызметшілерінің қатысуымен кеңейтілген семинар өтті.

Семинар Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы арасындағы Меморандум негізінде және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Семинардың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының әскери бөлімдерінде радиоспортты дамыту мәселесі.

Семинар өз жұмысын 21 сәуір күні, күннің соңына қарай аяқтады.

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment