UNDXC-2026 жарыс нәтижесі

Құрметті әрңптестер!

Қысқа толқындағы радиобайланыстан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының нәтижесі жарияланғанын хабарлаймыз.

Жарыс нәтижесімен біздің сайттың Радиоспорт бөлімінде және Чемпионат сайтында www.undxc.kz танысуға болады.

Барлық чемпионат қатысушыларына жарысқа белсенді қатысқандары үшін, жарыс төрешілері мен ұйымдастырушыларына жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз.

Чемпионат демеушісі Кукушкин Павел Алексеевичке, UN9L жарысты үйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін айрықша құрметімізді білдіреміз.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи UNDXC-2026 жарыс нәтижесі отключены

Радиобайланыстан ҚР чемпионаты (UNDXC-2026)

Құрметті достар!

Радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың 2026 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты (UNDXC-2026) өтеді.

Қазақстанның және әлемнің барлық спортшыларын осы жарысқа қатысуға шақырамыз.

Чемпионат Ережесі сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионаттың undxc.kz сайтында жарияланған.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Радиобайланыстан ҚР чемпионаты (UNDXC-2026) отключены

Қостанай қаласындағы №11 мектептің ұжымдық радиостанциясына 60 жыл.

2026 жылғы 7 мамырда Қостанай қаласындағы №11 мектептің ұжымдық радиостанциясы өзінің 60 жылдығын атап өткелі отыр.

Осы жылдарда радиостанция тек техникалық шығармашылық орталығы ғана емес, сонымен қатар байланыс, инженерия, ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандарды дайындаудың бірегей білім беру алаңына айналды.

Радиостанцияның даму тарихы 1966 жылы 7 мамырда бастау алған еді. Оқушылар бұрынғы Кеңес Одағының әртүрлі қалаларымен радиобайланыс жасап, техникалық дамуға деген ұмтылысын іске асыра бастады.

Көп ұзамай оқушылар тәлімгерлерімен бірге өздерінің радиобайланыс құрылғыларын жасай бастады. Бұл радиостанцияның дамуындағы маңызды кезең еді.

Бүгінде радиостанция заманауи жабдықтармен жабдықталған бірнеше толық функционалды жұмыс станцияларына айналған. Жыл сайын мұнда 25-30 мектеп оқушысы білім алып, тек практикалық радиобайланыс жасау ғана емес, сонымен қатар физика, электроника және ағылшын тілі бойынша терең білім алады.

Осы жылдар ішінде радиостанция 400-ден астам студентті, соның ішінде спорт шеберлерін, инженерлерді, телекоммуникация мамандарын және ірі кәсіпорындардың қызметкерлерін дайындады.

Радиостанцияны 60 жыл бойы тәжірибелі ұстаз және тәлімгер Анатолий Дмитриевич Ефанов басқарып, ол өз өмірін жастар арасында техникалық шығармашылықты дамытуға арнады. Оның күш-жігерінің арқасында радиостанция жай ғана клуб емес, оқушыларға кәсіби бағдар беру мектебіне айналды.

Радиостанцияның 60 жылдық мерейтойы оның жетістіктерін бағалау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жаңа даму перспективаларын белгілеу мүмкіндігі болып табылады.

Технологиялық прогресстің қарқынды дамуы жағдайында радиобайланыс пен инженерияға қызығушылық бұрынғыдан да өзекті болып қала береді. Мұндай жобалардың болашақ мамандарды даярлауда және еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқаратынын белгілі.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Қостанай қаласындағы №11 мектептің ұжымдық радиостанциясына 60 жыл. отключены