Author Archives: Администратор

Жарыс нәтижесі UNDXC-2025

Құрметті әрңптестер! Қысқа толқындағы радиобайланыстан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының нәтижесі жарияланғанын хабарлаймыз. Жарыс нәтижесімен біздің сайттың Радиоспорт бөлімінде және Чемпионат сайтында www.undxc.kz танысуға болады. Барлық чемпионат қатысушыларына жарысқа белсенді қатысқандары үшін, жарыс төрешілері мен ұйымдастырушыларына жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз. Чемпионат демеушісі Кукушкин Павел Алексеевичке, UN9L  жарысты үйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін айрықша құрметімізді … Continue reading

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Жарыс нәтижесі UNDXC-2025 отключены

Радиобайланыстан ҚР чемпионатына шақыру

Құрметті достар! Радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың 2025 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 мамырында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты (UNDXC-2025) өтеді. Қазақстанның және әлемнің барлық спортшыларын осы жарысқа қатысуға шақырамыз. Чемпионат Ережесі сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионаттың undxc.kz сайтында жарияланған. ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Радиобайланыстан ҚР чемпионатына шақыру отключены

Жаңа 2025 жыл құтты болсын!

Құрметті әріптестер, жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл — жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, қызықты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment