Author Archives: Администратор

Жоғары жылдамдықтағы телеграфиядан 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты

Радиоспорттан 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, сәуір айының 18-19 күндері Астана қаласында жоғары жылдамдықтағы телеграфиядан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Чемпионат IARU регламентіне сәйкес төрт бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жарыс Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының оқу-әдістемелік орталығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Posted in Оқиғалар | Leave a comment

Радиоспорт 2026

Құрметті әріптестер! Радиоспорттан 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының жарияланғаны туралы хабарлаймыз. Спорттық іс-шаралардың жарыс ережелері мен күнтізбелік жоспарлары туралы біздің сайттың радиоспорт бөлімінде таныса аласыздар. Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының төрешілер алқасы мен ұйымдастырушыларына спорттық жарыстарды жоспарлау жұмыстары мен жарыстарды жүргізуге дайындық іс-шараларын сапалы атқарғандары үшін алғысымызды білдіреміз. ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Радиоспорт 2026 отключены

Тәуелсіздік күнімен!

Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен шыққан құттықтау  тілектерімізді қабыл алыңыздар! Әрбір отбасына мықты денсаулық, әл-ауқат пен тұрақтылық, елімізге бейбітшілік  тілейміз! Келісім мен өзара түсіністік әрдайым сіздің үйлеріңізден орын алсын! ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Комментарии к записи Тәуелсіздік күнімен! отключены