Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі – наурыз мейрамы құтты болсын!

ҚРРФ атқару комитеті

Жаңа 2022 жыл құтты болсын!

Құрметті достар!

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге келіп жеткен 2022 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін!

Жаңа 2022 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт – береке әкелсін! Жаңа 2022 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңіздер! Жаңа 2022 жылдағы жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын!

ҚРРФ атқару комитеті

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

Тәуелсіздік – жүздеген жылдар бойына жанкештілікпен, қайсарлықпен жүргізілген қанды шайқастардың, қазақтың қанымен, көз-жасымен келген аяулы да, ардақты, екі дүниедегі баға жетпес байлығымыз!

Тәуелсіздік – қайта өмірге келу. Жаңғыру. Ұлттық ояну. Және Тәуелсіздіктің бағасына жетіп, оны аялай білу.

Құрметті, асылтекті Алаштың мәңгі жасар ұрпағы! Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күні ел мен жердің ырысы молайсын! Тәуелсіздік үшін күрес бір сәтке де тоқтаған емес! Тоқтамайды да! Өйткені, Азаттықтың әр таңы Алаш баласынан қадіріне жетуді, қажет болса, қасық қаны қалғанша қорғауды талап етеді.

Тәуелсіздіктің туын тік ұстап, ұрпақтарға аманаттап отыру исі қазақтың қасиетті парызы екенін әрбір қазақ естен шығармауы тиіс! Азаттық үшін күрескен азаматтардың рухына мың тағзым!

Ең ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

ҚРРФ атқару комитеті