ҚРРФ Астана қаласы бойынша филиалының жаңа басшысы

2018 жылдың 19 қазанында ҚРРФ-ның Астана қаласы бойынша филиалының басшысы Қожахметов Нұрбек Әлімбекұлы магистратурада оқуын жалғастыруына байланысты ҚРРФ Президенті бұйрығымен қызметінен босатылды. Оның орнына ҚРРФ Астана қаласы бойынша филиалының жаңа басшысы ретінде Оспанов Ұлан Русланұлы тағайындалды.
Оспанов Ұлан Русланұлы – келешегінен мол үміт күттіретін жас спортшы, радиоспорттан республикалық жарыстардың тұрақты қатысушысы және әр түрлі республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушыларының бірі.

ҚРРФ атқарушы комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on ҚРРФ Астана қаласы бойынша филиалының жаңа басшысы

ҚРРФ-ның Қостанай облысындағы филиалының басшылығындағы өзгерістер

2018 жылдың 16 қазанында ҚРРФ-ның Қостанай облысындағы филиалының басшысы Сытов Александр Сергеевич өз еркімен, өтінішіне сәйкес ҚРРФ Президентінің бұйрығы негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды. Оның орнына Қостанай облысы филиалының басшысы болып Кукушкин Павел Алексеевич тағайындалды.
Кукушкин Павел Алексеевич, UN9L – үлкен радиоәуесқойлық тәжірибеге ие адам, контестмен, республикалық және халықаралық контестерге үздіксіз қатысып тұрады, әр түрлі республикалық радиоәуесқойлық іс-шаралардың белсенді қатысушысы, бизнесмен. Оның кандидатурасы Қостанай облысы бойынша ҚРРФ мүшелерінің жиналысында ұсынылды.

ҚРРФ атқарушы комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on ҚРРФ-ның Қостанай облысындағы филиалының басшылығындағы өзгерістер

Алматы қаласы әкімшілігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшілерімен кездесу

2018 жылдың 11-12 қазан күндері Алматы қаласына Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының Президенті Асаубай Сейтқұл Жексенұлы, UN7ZA келіп, №92 мамандандырылған мектеп-лицейде болып қайтты. Федерация президенті мұғалімдер мен оқушылар алдында радиоспортпен айналысудың пайдалары тақырыбында баяндама жасады.
Асаубай С. және ҚРРФ вице-президенті Иманқұлов А. Алматы қаласы әкімшілігінің білім басқармасының және дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында радиоспортты Алматы қаласында және жалпы республика көлемінде дамыту жайлы сұрақтар көтерілді.
Кездесу барысында ҚРРФ бастамасы толық қолдауға ие болып, іскерлік жағдайда өтті. Тараптар әрқашан байланысты болуға және үзіліссіз жұмыс жасауға келісті. Кездесуге Алматы қаласы бойынша ҚРРФ филиалының жетекшісі Жиенбаев Ерұлан Асентайұлы да қатысты.

ҚРРФ атқару комитеті.

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Алматы қаласы әкімшілігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшілерімен кездесу