Жоғары жылдамдық телеграфиядан 2026 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының ережесі

  1. Спорттық жарыстың атауы және өткізілу орны мен уақыты

Жарыстың атауы:  жоғары жылдамдық телеграфиядан Қазақстан Республикасының чемпионаты.

Жарысты өткізу орыны Астана қаласы, өткізу уақыты 2026 жылдың 18-19 сәуір аралығы.

Жарысқа қатысушылар мен жарыс төрешілерінің жарысқа келу күні 2026 жылдың 17 сәуірі, жарыстан кері қайту күні 2026 жылдың 20 сәуірі.

  1. Жарысқа қатысушы ұйымдар

Чемпионатқа қатысуға Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының құрама командалары шақырылады. Жарысқа облыстық құрама команда мүшелері облыстық чемпионаттың нәтижесі бойынша іріктеліп, жарысқа жіберіледі.

Топтар жас ерекшеліктеріне сәйкес жарыстың әр түріне қарай анықталады.

Жарысқа қатысушы командалар құрамының саны жарыс ережесінің санатына сәкес болуы тиіс.

Командалар құрамы:

Е21 – 3 адам,        Ә21 – 3 адам,       Е19 – 3 адам,        Ә19 – 3 адам

Е16 – 3 адам,        Ә16 – 3 адам,       Е14 – 3 адам,        Ә14 – 3 адам,

1 жаттықтырушы (команда өкілі), 1-3 төреші болуы тиіс.

 

Спортшылардың жынысы мен жастары

Жасөспірімдер (ерлер, әйелдер) 14 – 17 жас.

Юниорлар (ерлер, әйелдер) 18, — 20 жас.

Жастар (ерлер, әйелдер) 21 – 28 жас.

29 жас және одан жоғары (ересек әйелдер мен ерлер).

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы (әрі қарай – ҚРРФ) және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Жарыстарды тікелей өткізу Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы бекітілген төрешілер алқасына жүктеледі

Жарысқа төрешілік етуші төрешілер алқасының құрамы 5 төрешіден кем болмауы тиіс.

Төрешілер алқасының құрамы:

  • Бас төреші
  • Бас хашы
  • Техникалық төрешілер

Жарысқа төрешілік ету арнайы радиоэлектронды жабдықтарды пайдалану  арқылы, цифрлы бағдарлама бойынша, қашықтықтан бақылау түрінде жүргізіледі.

Жарыстарды ұйымдастыру келесі құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

— Радиоспорт бойынша жарыстарды өткізудің ережелері,

— Радиоәуесқой қызметтерінің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану ережелері,

— Қазақстан Республикасының спорт классификациясы,

— Радиоспорт бойынша 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары.

 

Жарыс бағдарламасы:

—  1 күн:  жарысқа қатысушылардың келу, орналасуы.

—  2 күн:

09:00 – мандатттық комиссия;

09:30 – төрешілер алқасының жиыны;

10:00 – Чемпионаттың салтанатты  ашылуы;

10:30 – команда өкілдерімен кеңесу, жабдықтармен және мәтіндермен танысу;

11:00 – 1 бөлім — RUFZ;

13:00 – үзіліс;

14:00 – 2 бөлім — радиограммаларды тарату;

17:30 – команда өкілдерімен кеңесу.

—   3 күн:

09:00 – төрешілер алқасының жиыны;

09:30  – 3 бөлім — радиограммаларды қабылдау;

13:00  – үзіліс;

14:00  – 4 бөлім – Morse Runner;

17:00  – төрешілер алқасының кеңесі, нәтижелерді қорытындылау;

17:30  – Жарыс жеңімпаздарын марапаттау, Чемпионаттың салтанатты      

              жабылуы.

  • 4 күн   – жарысқа қатысушылардың кері қайтуы.

Жарыс өткізілетін аумақта жарыс ұйымдастырушылары, төрешілер және жарысқа қатысушылардан басқа бөгде адамдардың болуына тиым салынады. Жарыс өткізілетін бөлмелерде толық тыныштық қамтамасыз етілуі тиіс.

Жарыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:

1-бөлім:   RUFZ бағдарламасы  

2-бөлім:  Мағыналы емес әріптік, сандық және аралас телеграфты радиограммаларды тарату.

3-бөлім:  Мағыналы емес әріптік, сандық және аралас телеграфты радиограммаларды қабылдау.

4-бөлім:    Morze Runner бағдарламасы

1 – бөлімде: (RUFZ бағдарламасы)  Әрбір қатысушыға құлаққаппен,

клавиатурамен, компьютермен жабдықталған жеке жұмыс орны ұсынылады. Бір үстелде бір ғана жұмыс орыны болуы шарт.

Радиоәуесқой шақыру сигналдарын қабылдау бойынша компьютерлік жаттығуды орындауға (RUFZ бағдарламасы) 15 минут беріледі. Қатысушы өзі үшін максималды мүмкін жылдамдықты орнатады және жұмысты Single Calls режимінде жүзеге асырады (QRN, QRM, QSB сөндірілген). Жұмыс уақытында қатысушы беру жылдамдығын өзгерте алады. Есептік уақыт 10 минут.

2-бөлімде: Радиограммаларды тарату үшін әрбір қатысушыға 10 минут беріледі, оған кілтті орнату, икемдеу, тексеру және үш радиограмманы (әріптік, сандық және аралас мәтін) беру енеді.

Қатысушылар өздерінің электрондық немесе механикалық телеграфтық кілттерін пайдалануларына болады. Екі жағдайда да жылдамдық коэфициенті 1:1. Электрондық кілттерден берілетін сызықша мен нүкте сигналдарының ұзындық коэфициенті 3:1 қатынасында болуы тиіс.

«0» саны бес сызықша ретінде беріледі, бірақ сандық мәтінде бір сызықша ретінде беруге болады. Егер радиограмманы беру кезінде қате жіберілсе, онда түзету белгісі алты немесе одан көп нүктелердің сериясымен жасалады.

Бақылау мәтіндері қатысушыларға жаттығуды тікелей орындаудың алдында ғана беріледі.

Радиограммалар үш рет «V» әріптерімен және теңдік белгісімен басталады.

Әрбір радиограмманың алдында қатысушы мына тип бойынша хабарландыру жасайды: «Әріптік мәтінді беремін». Төреші бір минут аяқталғаннан кейін әрбір радиограмманың беруілін тоқтатады.

3 – бөлімде: Радиограммаларды қабылдау Әрбір қатысушыға құлаққаппен, клавиатурамен жабдықталған компьютер, А4 форматты қағаз, қаламсаппен жабдықталған жеке жұмыс орны ұсынылады. Бір үстелде бір ғана жұмыс орыны болуы шарт. Қатысушының қалауына қарай, қабылданған радиограммаларды қолмен жазуға, немесе компьютерде теруге рұқсат етіледі.

Бақылау мәтіндері (радиограммалар) компьютерден беріледі. Мағыналы емес әріптік, сандық және аралас радиограммаларды қабылдаудың бастапқы және келесі жылдамдықтарын қатысушы компьютерден өзі таңлайды. Радиограммалардың келесі жылдамдықтары 10 еселі санға ұлғайып отырады. Үннің жиілігі 700-900 Гц.

Радиограммалардың мәтіндері латын әліпбиінің 26 әрпінен және 10 араб санынан құрастырылады. Аралас мәтіндер әріптерден, сандардан және 5 арнайы белгілерден (сұрақ белгісі, бөлшек сызығы, бөлу белгісі, нүкте, үтір) тұрады.

Радиограмма топтары бес белгіден, жазу жолдары 5 топтан тұрады.

Әрбір жылдамдықтың жаттығу мәтінін қатысушы компьютерден өзі қосып, тыңдай алады.

Әрбір жылдамдықтың бақылау радиограммасын қабылдау бір минут ішінде жүргізіледі.

Спортшылар қабылдауды бастапқы жылдамдықтан бастап өздерінің мүмкіндіктерінің шегіне дейін жүргізе алады.

Келесі қабылдаудан бас тартқан қатысушы, қағазға жазып алған радиограммаларын өзі компьютерге енгізуі тиіс. Компьютерге енгізуге 30 минут уақыт беріледі. 30 минут өткеннен соң компьютерге енгізу аяқталмағанына қарамастан тоқтатылады.

Компьютердің клавиатурасымен қабылдауды жүргізетін қатысушыға  да радиограмманы компьютерге енгізуге 30 минут уақыт беріледі.

Әрбір қатысушы есептеме үшін, компьютерге 10 радиограммаға дейін енгізе алады. Жарысқа қатысушылардың қабылдаған радиограммаларының барлық қателері, компьютерлік бағдарлама арқылы анықталады.

4–бөлімде: Morse Runner Әрбір қатысушыға құлаққаппен, клавиатурамен, компьютермен жабдықталған жеке жұмыс орны ұсынылады. Бір үстелде бір ғана жұмыс орыны болуы шарт.

«Morse Runner» контестінің эмуляторы» компьютерлік жаттығуын орындау үшін қатысушыға 5 минуттан тұратын екі әрекет беріледі. Есепке ең жақсы әрекет алынады.

 

  1. Медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және допингке қарсы шараларды жүргізу

Санитарлық  режімнің  талаптары: 

—        командалардың  бөлек  және  қауіпсіз орналасуы   мен тамақтануын  қамтамасыз  ету (жарыс  өтетін  орынға  барынша  жақын болуы тиіс);

—        орналасқан және  тамақтанатын, жарыс  өтетін  орындардан тыс  жерлерге  қатысушылардың  рұқсатсыз баруын  шектеу;

—        Карантиндік  шектеу  шаралары  болған жағдайда  олардың талаптары   сақталуы тиіс.

—        тазалықты  сақтау;

—        санитарлық тораптарды (дәретхана және т.б.)  жеке тазалық  құралдарымен (сұйық сабын,  антисептиктер) қамтамасыз  ету;

Спортшы кез-келген жерде (жарыстарда, оқу-жаттығу жиындарында немесе кез-келген басқа жерде) допинг-бақылау процедурасынан өту үшін іріктелуі мүмкін. Процедурадан өтуден бас тарту допингке қарсы ережелерді бұзу болып табылады, бұл спортшыға қатысты санкцияларды қолдануға әкеледі.

 

  1. Спорттық жарысқа қатысу үшін өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі және қатысушыларды қаржылық қамтамасыз ету тәртібі

Жарысқа қатысу туралы өтініш жарыстың басталуына 10 күн қалғанға дейін ҚРРФ акредиттелген филиалдары арқылы электронды түрде жіберілуі тиіс.

Өтініштер жеке тізім бойынша жарысқа келген күні мандаттық комиссияда бекітіледі.

Мандаттық комиссияға келесі құжаттар табыс етілуі тиіс:

  1. Жеке куәлік
  2. Спорттық кітапша
  3. Медициналық анықтама

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау шығыны (дипломдар, медальдер, кубоктар) мен шақырылған төрешілердің еңбекақысы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «СДД» РМҚК-ның есебінен жүргізіледі.

Қатысушылар мен төрешілердің жол шығыны, қонақ үйде тұруы, тамақтануы және қатысу жарналары үшін шығындарды оларды іссапарға жіберетін ұйымдар және спортшылардың өздері өтейді.

  1. Спорттық жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібі

Әрбір топшада алғашқы үш орынды алған қатысушылар Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің медальдарімен және дипломдарымен марапатталады.

Жарыс нәтижелерін бағалау, арнайы радиоэлектронды жабдықтарды пайдалану арқылы, қашықтықтан бақылау түрінде жүргізіледі. Жарыс нәтижелерін электронды-цифрлық бағдарлама  анықтайды.

Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Халықаралық радиоәуесқой  одағының (IARU) ережелерінде көзделген тәртіппен айқындалады.

  1. Шағым беру және оларды қарастыру тәртібі

Шағымдарды спорт жарыстарына қатысатын спорт командасының өкілі ғана, ол болмаған жағдайда – спорт командасының капитаны жарыстың ресми нәтижелері жарияланғаннан кейін 1 сағат ішінде бере алады. Жеке біріншілікке шығатын спорт жарыстарының қатысушылары шағымдарды өз беттерінше бере алады.

Шағымдар жазбаша түрде беріледі. Шағымдар спорт жарыстарының бас төрешісінің атына жазылып, спорт жарыстарының бас хатшысына тапсырылады.

Шағымда, шағым беруші «Спорт жарыстарының ережесінің» немесе қағидаларының қандай тармағының бұзылғанын көрсетуі тиіс.  «Спорт жарыстарының ережесінің» немесе қағидаларының қандай тармағы бұзылғаны көрсетілмеген, немесе уақытынан кеш берілген шағымдар қаралмайды.