Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

Тәуелсіздік – жүздеген жылдар бойына жанкештілікпен, қайсарлықпен жүргізілген қанды шайқастардың, қазақтың қанымен, көз-жасымен келген аяулы да, ардақты, екі дүниедегі баға жетпес байлығымыз!

Тәуелсіздік – қайта өмірге келу. Жаңғыру. Ұлттық ояну. Және Тәуелсіздіктің бағасына жетіп, оны аялай білу.

Құрметті, асылтекті Алаштың мәңгі жасар ұрпағы! Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күні ел мен жердің ырысы молайсын! Тәуелсіздік үшін күрес бір сәтке де тоқтаған емес! Тоқтамайды да! Өйткені, Азаттықтың әр таңы Алаш баласынан қадіріне жетуді, қажет болса, қасық қаны қалғанша қорғауды талап етеді.

Тәуелсіздіктің туын тік ұстап, ұрпақтарға аманаттап отыру исі қазақтың қасиетті парызы екенін әрбір қазақ естен шығармауы тиіс! Азаттық үшін күрескен азаматтардың рухына мың тағзым!

Ең ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

ҚРРФ атқару комитеті

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған