Қысқа толқынды радиобайланыс бойынша ҚР Ашық Чемпионатына шақыру (UNDXC 2022)

Қымбатты достар!

2022 жылға арналған радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 мамырында қысқа толқынды (UNDXC-2022) радиобайланыс бойынша Қазақстан Республикасының Ашық Чемпионаты өтеді.

Қазақстан мен әлем спортшыларын Чемпионатқа қатысуға шақырамыз. Чемпионаттың ережесі біздің сайттың радиоспорт бөлімінде жарияланды.

 

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Қысқа толқынды радиобайланыс бойынша ҚР Ашық Чемпионатына шақыру (UNDXC 2022)

Жоғары жылдамдық радиотелеграфиядан 2022 жылғы  Қазақстан Республикасының чемпионаты

Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың 2022 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2022 жылғы сәуір айының 22-24 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында, Жоғары жылдамдық радиотелеграфиядан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің 8 аумағынан 22 спортшы келіп қатысты. Командалық есеп бойынша 1-ші орынды Солтүстік Қазақстан облысы, 2-ші орынды Нұр-Сұлтан қаласы, 3-ші орынды Шығыс Қазақстан облысы командалары иеленді.

Қазақстан Республикасының Чемпионаты өзінің техникалық қамтамасыз етілуі халықаралық стандарттарға сай және ұйымдастыру жағынан жоғары деңгейде өтті.

Бұл жарыстың өткен жылдардағы жарыстардан ерекшелігі, жарыс төрешілігі электронды цифрлық форматта жүргізілді және жарысқа қатысушылар арасында жас спортшылардың көбеюі болды.

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Жоғары жылдамдық радиотелеграфиядан 2022 жылғы  Қазақстан Республикасының чемпионаты

Біздің бірлестікке 15 жыл!

Құрметті әріптестер және қымбатты достар, сіздерді Қазақстанның радиоспорт және радиоәуесқой федерациясының құрылған күнімен құттықтаймыз!

Бүгін ерекше күн, өйткені осыдан 15 жыл бұрын, дәл осы күні біздің бірлестік құрылған еді!

Сіздермен бірге жұмыс істеген жылдар ішінде біз ынтымақпен көптеген жетістіктерге жеттік! Федерациямыз жаңа белестерді игеріп, жеңістерге жеттік!

Біздерге әрқашан сәттілік серік болсын, федерациямыз одан әрі гүлдене берсін, ал әрқайсыңызға жақсы денсаулық, бақыт, махаббат және отбасылық береке тілейміз.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Біздің бірлестікке 15 жыл!