Жоғары жылдамдық телеграфиядан ҚР Чемпионаты туралы

Қатысушы командалардың қажетті саны болмауына байланысты жоғары жылдамдық телеграфиядан ҚР чемпионаты өткізілмейтін болды.  

 

ҚРРФ атқару комитеті  

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Жоғары жылдамдық телеграфиядан ҚР Чемпионаты туралы

Эфирде UN7ZZA

Құрметті достар!

2023 жылдың 18 қаңтарында Астана қаласындағы №64 мектеп-лицейде UN7ZZA мектеп әуесқойлық радиостанциясы өз жұмысын бастады. Радиостанция жетекшісі Асаубай Сейткүл Жексенұлы, UN7ZA.

Мектеп үйірмесіндегі балалар радиобайланыстан басқа спорттық радиопеленгациямен және жоғары жылдамдық радиотелеграфиямен де айналысады.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Эфирде UN7ZZA

Қысқа толқынды радиобайланыс бойынша ҚР Ашық Чемпионатына шақыру (UNDXC 2022)

Қымбатты достар!

2022 жылға арналған радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 мамырында қысқа толқынды (UNDXC-2022) радиобайланыс бойынша Қазақстан Республикасының Ашық Чемпионаты өтеді.

Қазақстан мен әлем спортшыларын Чемпионатқа қатысуға шақырамыз. Чемпионаттың ережесі біздің сайттың радиоспорт бөлімінде жарияланды.

 

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Қысқа толқынды радиобайланыс бойынша ҚР Ашық Чемпионатына шақыру (UNDXC 2022)