Қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы ашық Чемпионаты (Жас Ұлан 2018)

Құрметті достар!
Сіздерді 2018 жылға арналған халықаралық және республикалық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, қаңтар айының 27 күні өтетін Қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы ашық Чемпионатына шақырамыз. Жарыс жөніндегі ақпаратпен біздің сайттың РАДИОСПОРТ бөлімінде танысуға болады.

Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы ашық Чемпионаты (Жас Ұлан 2018)

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті достар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз!

Ізгі ниетпен,
ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Жаңа жыл құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Өздеріңізге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!
Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз.
Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Тәуелсіздік күні құтты болсын!