Спорттық радиопеленгация өте қызықты, жас ерекшелігін талғамайтын, ұлдар мен қыздарға бірдей, жоғары интеллектуальді, техникалық спорт түріне жатады.
Спорттық радиопеленгация үйірмесіне қатысушы спортшы радиотолқын таратқыш пен радиоқабылдағыш пеленгатордың құрылысын, қысқа толқын мен ультра қысқа толқында радиотолқындардың физикалық қаситі мен олардың кеңістікте таралу теориясын, антенналардың құрылысы мен олардың бағыт диаграммасын жақсы білумен қатар, қабылданған радиосигналдың бағыты мен күшін анықтай алуы және Морзе әліппесін білуі қажет.
Оған қоса спортшы топографиялық карта мен компасты пайдалана отырып, радиотолқын таратқыштың азимуты мен координатын және өзінің тұрған жерін анықтай алуы қажет.
Осынша білімді игерумен қатар, таулы, орманды жолсыз жермен бірнеше километр жолды жылдам жүгіріп өтуі үшін, спортшының физикалық дене шынықтыру дайындығы да мықты болғаны жөн.
Спорттық радиопеленгация жастарды техникалық мамандықтарға, оның ішінде радиотехника мен электроника инженері мамандықтарына баулиды.
Жастардың жан жақты үйлесімді дамуына спорттық радиопелегацияның тигізер әсері.
Спорттық радиопеленгациямен айналысатын спортшы, терең білімі бар, спорттың осы түріне машықтанған адам болуы қажет.
Жарыста табысқа жетуі үшін спортшының:
Радиотехника мен радиопеленгация негіздерін білуі;
Электромагнитті толқындардың таралу теориясын білуі;
Топографиялық карта мен компасты пайдалана білуі;
Айналаны бағдарлай білуі;
Морзе әліппесін білуі;
Денесі шыныққан және епті болуы;
Ақылды, тапқыр, батыл, реакциясы жылдам, мақсатқа жету мен табандылығы бар;
Есту мен көру қабілеті жоғары;
Күрделі, шиеленіскен жағдайда тапқыр шешім қабылдай алатын, ой жинақылығы мен зейін қоя білу сияқты қасиеттері болғаны қажет.
Спорттық радиопеленгация үйірмесі балаларды осыған тәрбиелейді.