Жоғары жылдамдықтағы телеграфия (HST) бұл ресми спорттық пән және техникалық шығармашылық, оған қатысушылар компьютерлік бағдарлама мен электронды кілтті пайдалану арқылы, әріптерден, сандардан және Морзе кодының таңбаларынан тұратын шифрланған мәтінді ең жылдам, қатесіз қабылдау және жіберу бойынша жарысады.
Жоғары жылдамдықтағы телеграфия жарыстары халықаралық классификацияға сәйкес, төрт негізгі бағдарлама түрінен тұрады:
Радиограмманы қабылдау: Оқушылар компьютерден берілген мағнасыз әріптік, сандық немесе аралас радиограмманы құлаққап арқылы тыңдап, қағазға жазып немесе клавиатурамен теріп ала алатын болады.
Радиограмманы жіберу: Оқушылар электронды кілтті пайдалану арқылы радиограммаларды жіберуге жаттығатын болады.
Компьютелік текст пакеті: Радиостанциялардың шақыру сигналдарын тануға арналған арнайы компьютерлік жаттығуларды игереді.
Компьютерлік симулятор арқылы радиобайланыс тестінде оқушылар арнайы компьютерлік бағдарламаны пайдалану арқылы екі жақты радиобайланыс жүргізу әдісін үйренеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты белгілі уақыт ішінде, мейлінше көп таңбаларды (әріптер мен сандарды) қатесіз қабылдап және жіберіп үлгеру.
Радиотелеграфия оқушылардың зейінділікпен, табандылықпен, көрген, естіген ақпараттарды еске сақтау қабілетінің дамуына оң әсер етеді.