Радиобайланыс үйірмесі

Қысқа толқында және ультра қысқа толқында радиобайланыс жасау терең білімділікті қажет ететін, жоғары интеллектуальді спорт және техникалық шығармашылық түрі болып табылады. 

Радиоспорт жастарды салауатты өмір салты мен әскери патриоттық тұрғыда тәрбиелейтін спорт түрі.

Радиобайланыс үйірмесінде балалар физика мен информатиканы, география мен астраномияны, радиотехника мен электрониканы,  радиостанциялар мен антенналардың құрылысын, радиотолқынның кеңістікте таралу теориясын терең оқып үйреніп, ағылшын тілін қолдана оырып, алыс елдермен радиобайланыс жасау әдістерін игере алады. 

Радиобайланыс жасау үшін балалар фонетикалық әліппені, Q кодтарын, сигналдарды бағалау шкаласын, барлық елдердің шақыру сигналдарының префикстерін оқып білулері қажет.

Әуесқойлық радиобайланыстың маңыздылығы жөнінде айтар болсақ, барлық астронавтар мен ғарышкерлер дайындау орталықтарында әуесқойлық радиобайланысты жүргізуді игеру бойынша міндетті дайындықтардан өтіп отырады, оның себебі орбиталық ғарыш кемесінде әуесқойлық радиостанция орнатылған. Ғарышкерлер бос уақыттарында сол радиостанция арқылы жер бетіндегі әуесқойлық радиостанциялармен радиобайланыс жасап отырады. Мұндай радиобайланыс ғарышкерлерге психологиялық жеңілдік үшін қажет.