Жоғары жылдамдық радиотелеграфиядан 2023 жылғы ҚР Чемпионатының ережесі

 

1. Спорттық жарыстың атауы

Жоғары жылдамдық телеграфиядан Қазақстан Республикасының чемпионаты

2. Мақсаттары мен міндеттері

– жастарды радиоспортқа тарту және ынталандыру;

– жас спортшылардың спорттық шеберлігін жоғарылату

– спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау.

– спорттық разрядтарды және атақтарды беру үшін разрядтық нормаларды мен талаптарды орындау;

– радиоспорт пен радиотехникалық шығармашылықты халық арасына тарату

– Радиоспорттан ҚР Ұлттық құрама командасына үміткерлерді алдын-ала іріктеу.

3. Жарыстың өткізілу орны мен уақыты

Жарыстың өткізілу орны Астана қаласы. Өткізілу уақыты: 2023 жылғы сәуір айының 21-23 жұлдызы.

4. Спорттық жарысты өткізу жүйесі

1-бөлім: RUFZ бағдарламасы

2-бөлім: Мағыналы емес әріптік, сандық және аралас телеграфты радиограммаларды тарату.

3-бөлім: Мағыналы емес әріптік, сандық және аралас телеграфты радиограммаларды қабылдау.

4-бөлім: Morze Runner бағдарламасы

Жарыс өткізілетін аумақта жарыс ұйымдастырушылары, төрешілер және жарысқа қатысушылардан басқа бөгде адамдардың болуына тиым салынады. Жарыс өткізілетін бөлмелерде толық тыныштық қамтамасыз етілуі тиіс.

4.1. 1–бөлімде: (RUFZ бағдарламасы)  Әрбір қатысушыға құлаққаппен, клавиатурамен, компьютермен жабдықталған жеке жұмыс орны ұсынылады. Бір үстелде бір ғана жұмыс орыны болуы шарт. Радиоәуесқой шақыру сигналдарын қабылдау бойынша компьютерлік жаттығуды орындауға (RUFZ бағдарламасы) 15 минут беріледі. Қатысушы өзі үшін максималды мүмкін жылдамдықты орнатады және жұмысты Single Calls режимінде жүзеге асырады (QRN, QRM, QSB сөндірілген). Жұмыс уақытында қатысушы беру жылдамдығын өзгерте алады. Есептік уақыт 10 минут.

4.2. 2-бөлімде: Радиограммаларды тарату үшін әрбір қатысушыға 10 минут беріледі, оған кілтті орнату, икемдеу, тексеру және үш радиограмманы (әріптік, сандық және аралас мәтін) беру енеді.

4.3. Қатысушылар өздерінің электрондық немесе механикалық телеграфтық кілттерін пайдалануларына болады. Екі жағдайда да жылдамдық коэфициенті 1:1. Электрондық кілттерден берілетін сызықша мен нүкте сигналдарының ұзындық коэфициенті 3:1 қатынасында болуы тиіс.

4.4. «0» саны бес сызықша ретінде беріледі, бірақ сандық мәтінде бір сызықша ретінде беруге болады. Егер радиограмманы беру кезінде қате жіберілсе, онда түзету белгісі алты немесе одан көп нүктелердің сериясымен жасалады.

4.5. Бақылау мәтіндері қатысушыларға тапсырманы тікелей орындаудың алдында ғана беріледі.

4.6. Радиограммалар үш рет «V» әріптерімен және теңдік белгісімен басталады.

4.7. Әрбір радиограмманың алдында қатысушы мына тип бойынша хабарландыру жасайды: «Әріптік мәтінді беремін». Төреші бір минут аяқталғаннан кейін әрбір радиограмманың беруілін тоқтатады.

4.8. 3–бөлімде: Радиограммаларды қабылдау  Әрбір қатысушыға құлаққаппен, клавиатурамен жабдықталған компьютер, А4 форматты қағаз, қаламсаппен жабдықталған жеке жұмыс орны ұсынылады. Бір үстелде бір ғана жұмыс орыны болуы шарт. Қатысушының қалауына қарай, қабылданған радиограммаларды қолмен жазуға, немесе компьютерде теруге рұқсат етіледі.

4.9. Бақылау мәтіндері (радиограммалар) компьютерден беріледі. Мағыналы емес әріптік, сандық және аралас радиограммаларды қабылдаудың бастапқы және келесі жылдамдықтарын қатысушы компьютерден өзі таңлайды. Радиограммалардың келесі жылдамдықтары 10 еселі санға ұлғайып отырады. Үннің жиілігі 700-900 Гц.

4.10. Радиограммалардың мәтіндері латын әліпбиінің 26 әрпінен және 10 араб санынан құрастырылады. Аралас мәтіндер әріптерден, сандардан және 5 арнайы белгілерден (сұрақ белгісі, бөлшек сызығы, бөлу белгісі, нүкте, үтір) тұрады.

4.11. Радиограмма топтары бес белгіден, жазу жолдары 5 топтан тұрады.

4.12. Әрбір жылдамдықтың жаттығу мәтінін қатысушы компьютерден өзі қосып, тыңдай алады.

4.13. Әрбір жылдамдықтың бақылау радиограммасын қабылдау бір минут ішінде жүргізіледі.

4.14. Спортшылар қабылдауды бастапқы жылдамдықтан бастап өздерінің мүмкіндіктерінің шегіне дейін жүргізе алады.

4.15. Келесі қабылдаудан бас тартқан қатысушы, қағазға жазып алған радиограммаларын өзі компьютерге енгізуі тиіс. Компьютерге енгізуге 30 минут уақыт беріледі. 30 минут өткеннен соң компьютерге енгізу аяқталмағанына қарамастан тоқтатылады.

4.16. Компьютердің клавиатурасымен қабылдауды жүргізетін қатысушыға да радиограмманы компьютерге енгізуге 30 минут уақыт беріледі.

4.17. Әрбір қатысушы есептеме үшін, компьютерге 10 радиограммаға дейін енгізе алады. Жарысқа қатысушылардың қабылдаған радиограммаларының барлық қателері, компьютерлік бағдарлама арқылы анықталады.

4.18. 4–бөлімде: Morse Runner Әрбір қатысушыға құлаққаппен, клавиатурамен, компьютермен жабдықталған жеке жұмыс орны ұсынылады. Бір үстелде бір ғана жұмыс орыны болуы шарт. «Morse Runner» контестінің эмуляторы» компьютерлік жаттығуын орындау үшін қатысушыға 5 минуттан тұратын екі әрекет беріледі. Есепке ең жақсы әрекет алынады.

4.19. Жарыс бағдарламасы:

– 1 күн: жарысқа қатысушылардың келу, орналасуы.

– 2 күн:

09:00 – мандатттық комиссия;

09:30 – төрешілер алқасының жиыны;

10:00 – Чемпионаттың салтанатты ашылуы;

10:30 – команда өкілдерімен кеңесу, жабдықтармен және мәтіндермен танысу;

11:00 – 1 бөлім – RUFZ;

13:00 – үзіліс;

14:00 – 2 бөлім – радиограммаларды тарату;

17:30 – команда өкілдерімен кеңесу.

– 3 күн:

09:00 – төрешілер алқасының жиыны;

09:30 – 3 бөлім – радиограммаларды қабылдау;

13:00 – үзіліс;

14:00 – 4 бөлім – Morse Runner;

17:00 – төрешілер алқасының кеңесі, нәтижелерді қорытындылау;

17:30 – Жарыс жеңімпаздарын марапаттау, Чемпионаттың салтанатты жабылуы.

– 4 күн – жарысқа қатысушылардың кері қайтуы. 

5. Қатысушы ұйымдар

Чемпионатқа қатысуға Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының құрама командалары шақырылады. Жарысқа облыстық құрама команда мүшелері облыстық чемпионаттың нәтижесі бойынша іріктеліп, жарысқа жіберіледі. Топтар жас ерекшеліктеріне сәйкес жарыстың әр түріне қарай анықталады.

6. Спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің және басқа да қатысушылардың сандық құрамы

Команда құрамында 18 қатысушыға дейін болуы мүмкін, бірақ санаттардың кез-келгенінде 3 қатысушыдан артық болмауы керек. Әрбір жарысқа қатысушы жарыстың барлық төрт бөліміне қатысуға міндетті. Әрбір команданың құрамында 18 жасқа толған команда өкілі және 1-2 төреші болуы тиіс.

7. Спортшылардың жынысы мен туған жылы

Қатысушы санаттары:

А: 2023 жылы 17 жасқа толатын немесе одан жас ерлер.

В: 2023 жылы 18 жасқа толатын немесе одан үлкен жастағы ерлер.

С: 2023 жылы 17 жасқа толатын немесе одан жас әйелдер.

D: 2023 жылы 18 жасқа толатын немесе одан үлкен жастағы әйелдер.

8. Нәтижелерді бағалау жүйесі

8.1. Жарыс нәтижелерін бағалау, арнайы радиоэлектронды жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Жарыс нәтижелерін электронды-цифрлық бағдарлама анықтайды. Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Халықаралық радиоәуесқой одағының (IARU) ережелерінде көзделген тәртіппен айқындалады.

8.2. Бірінші бөлімде радиоәуесқой шақыру сигналдарын қабылдау бойынша компьютерлік жаттығуда (RUFZ бағдарламасы) қатысушыға қателердің санын алып тастаумен қабылданған шақыру сигналдарының санына тең ұпайлардың саны есептеледі.

8.3. Екінші бөлімде әрбір таратылатын радиограммада 5 қате және 10 іркілістер жіберіледі. Қателерге мыналар жатады: басқа белгіні беру, белгіні өткізіп алу, артық белгіні беру, көршілес белгілердің орындарын ауыстыру. Қателердің немесе іркілістердің саны асқаннан кейін барлық келесі берілген белгілер есепке алынбайды, бірақ радиограмманы беру бір минут аяқталғанша тоқтатылмайды.

8.4. Электрондық немесе механикалық телеграф кілттерін қолданған кезде, ұпайларды есептеу үшін К1=1,0 коэффициенті қолданылады.

8.5. Беру сапасын бағалау үшін К2 коэффициенті (1,0 ден 0,65 дейін) қолданылады, ол төмендегілер үшін азаяды: а) мәтіндегі әрбір қате үшін– минус 0,05 (үштен көп емес); б) әрбір іркіліс үшін – минус 0,01 (оннан көп емес); в) ырғақты еместіктің әрбір жағдайы үшін – минус 0,01 (оннан көп емес).

8.6. Әрбір таратылған радиограмма үшін К1 коэффициенттеріне көбейтілген, берілген есептік белгілердің санына (қателердің санын шегерумен) сәйкес келетін ұпайлардың саны есептеледі. Екінші бөлімнің жалпы нәтижесі әрбір таратылған радиограмма үшін ұпайлардың сомасынан тұрады.

8.7. Үшінші бөлімде бестен артық қате жіберілмесе, радиограмма қабылданған болып саналады. Қателерге мыналар жатады: басқа белгіні жазып алу, белгіні өткізіп алу, артық белгіні жазып алу, көршілес белгілердің орындарын ауыстыру, түсініксіз немесе түзетілген белгілер.

8.8. Қатысушының есебіне ең жоғарғы жылдамдықпен қабылданған бір радиограммасы саналады. Әрбір радиограмма үшін, қателердің санын шегерумен, жылдамдыққа сәйкес келетін ұпайлардың саны есептеледі.

8.9. Төртінші бөлімде «Morse Runner контесттің эмуляторы» компьютерлік жаттығуында есептелген ұпайлар санатта ең озық нәтиженің пайызына тең болады. Ұпайларды есептеу үшін қатысушының нәтижесін санаттағы ең озық нәтижеге бөлу және оны жүз пайызға көбейту керек. Мысалы, қатысушының нәтижесі – 2715, ең озық нәтиже – 4022. 2715:4022х100%=67.5 ұпай.

9. Медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

Күшейтілген дезинфекциялық санитарлық режімнің талаптары: – командалардың бөлек және қауіпсіз орналасуы мен тамақтануын қамтамасыз ету (жарыс өтетін орынға барынша жақын болуы тиіс); – орналасқан және тамақтанатын, жарыс өтетін орындардан тыс жерлерге қатысушылардың баруын шектеу; – Бас мемлекеттік дәрігердің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысының талаптарына сәйкес болуы тиіс; – тазалықты сақтау, қоқысты уақтылы шығару; – санитарлық тораптарды (дәретхана және т.б.) жеке тазалық құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер) қамтамасыз ету; – кондиционерлерді тазалап тұру.

10. Допингке қарсы қамтамасыз ету

Спортшы кез-келген жерде (жарыстарда, оқу-жаттығу жиындарында немесе кез-келген басқа жерде) допинг-бақылау процедурасынан өту үшін іріктелуі мүмкін. Процедурадан өтуден бас тарту допингке қарсы ережелерді бұзу болып табылады, бұл спортшыға қатысты санкцияларды қолдануға әкеледі.

11. Төрешілер алқасының сандық құрамы

Жарысқа төрешілік етуші төрешілер алқасының құрамы 5 төрешіден кем болмауы тиіс. Төрешілер алқасының құрамы: • Бас төреші • Бас хашы • Техникалық төрешілер Жарысқа төрешілік ету арнайы радиоэлектронды жабдықтарды пайдалану арқылы, цифрлы бағдарлама бойынша жүргізіледі.

12. Спорттық жарысқа қатысу үшін өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі

Жарысқа қатысу туралы өтініш жарыстың басталуына 10 күн қалғанға дейін ҚРРФ акредиттелген филиалдары арқылы электронды түрде жіберілуі тиіс. Өтініштер жеке тізім бойынша жарысқа келген күні мандаттық комиссияда бекітіледі.

Мандаттық комиссияға келесі құжаттар табыс етілуі тиіс:

1. Жеке куәлік

2. Спорттық кітапша

3. Медициналық анықтама

13. Қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары

Жарысқа қатысушылардың, төрешілердің, инспекторлардың және жарыстар өткізілетін қаладағы басқа да ресми өкілдердің келу уақыты ішінде келген жерінен қонақ үйге дейін, қонақ үйдің өзінде, жарыс аймағына дейін бару және кері қайту, сондай-ақ командалардың кетуі олардың қауіпсіздігі үшін жарысқа жіберуші ұйым мен команда өкілі толық жауапты болады.

Қабылдаушы ұйым, келген судьяларды, бас судьяны, инспекторды қарсы алуға міндетті. Қонақ үйге орналастыру мәселесін шешу, қонақ үйден жарыс өткізілетін жерге дейін жол жүру уақыты келісілуі тиіс. Жарысқа келуші командалар, төрешілер, келгенге дейін 10 күннен кешіктірмей жарыстарды ұйымдастырушыға поездың немесе авиарейстің күнін, нөмірін, команданың сандық құрамын ресми түрде хабарлауға міндетті.

Қабылдауды ұйымдастыру бойынша наразылықтар туындаған жағдайда жарысқа келуші команда басшысы баянат толтырып, бас төреші арқылы Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясына жібереді. Жарыстарды ұйымдастырушы командалар мен төрешілердің киімін күзетуді қамтамасыз етуі тиіс.

14. Спорттық жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібі

14.1. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау шығыны (дипломдар, медальдер, кубоктар) мен шақырылған төрешілердің еңбекақысы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «СДД» РМҚК-ның есебінен жүргізіледі.

14.2. Әрбір топшада алғашқы үш орынды алған қатысушылар Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің медальдарімен және дипломдарымен марапатталады. Жарыста 1-3 орын алған командалар кубокпен марапатталады.

15. Наразылық көрсету тәртібі және оны қарау

Шағымдарды спорт жарыстарына қатысатын спорт командасының өкілі ғана, ол болмаған жағдайда – спорт командасының капитаны жарыстың ресми нәтижелері жарияланғаннан кейін 1 сағат ішінде бере алады. Шағымдар жазбаша түрде беріледі. Шағымдар спорт жарыстарының бас төрешісінің атына жазылып, спорт жарыстарының бас хатшысына тапсырылады. Шағымда, шағым беруші «Спорт жарыстарының ережесінің» немесе қағидаларының қандай тармағының бұзылғанын көрсетуі тиіс. «Спорт жарыстарының ережесінің» немесе қағидаларының қандай тармағы бұзылғаны көрсетілмеген, немесе уақытынан кеш берілген шағымдар қаралмайды.

16. Спорттық жарыстарға қатысушылар мен төрешілердің келу және қайту күндері.

Жарысқа қатысушылар мен жарыс төрешілерінің келу күні жарыс басталудан бір күн бұрын, қайту күні жарыс аяқталған соң келесі күні болады.