Алматы қаласы әкімшілігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшілерімен кездесу

2018 жылдың 11-12 қазан күндері Алматы қаласына Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының Президенті Асаубай Сейтқұл Жексенұлы, UN7ZA келіп, №92 мамандандырылған мектеп-лицейде болып қайтты. Федерация президенті мұғалімдер мен оқушылар алдында радиоспортпен айналысудың пайдалары тақырыбында баяндама жасады.
Асаубай С. және ҚРРФ вице-президенті Иманқұлов А. Алматы қаласы әкімшілігінің білім басқармасының және дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында радиоспортты Алматы қаласында және жалпы республика көлемінде дамыту жайлы сұрақтар көтерілді.
Кездесу барысында ҚРРФ бастамасы толық қолдауға ие болып, іскерлік жағдайда өтті. Тараптар әрқашан байланысты болуға және үзіліссіз жұмыс жасауға келісті. Кездесуге Алматы қаласы бойынша ҚРРФ филиалының жетекшісі Жиенбаев Ерұлан Асентайұлы да қатысты.

ҚРРФ атқару комитеті.

This entry was posted in Жаңалықтар. Bookmark the permalink.