Эфирде UP7WWA

Құрметті достар!

Италиян ғалымы Гульельмо Марконидің туғанына 150 жыл толуын мерекелеуге байланысты және барлық елдердің радиоәуесқойлары арасындағы достықты насихаттау мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 қаңтарына аралығында UP7WWA арнайы шақыру сигналымен қазақстандық радиоәуесқойлық станция эфирде болады.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті достар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймы3!

Сіздерге 2024 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін!

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

WRTC Әлем чемпионаты

Құрметті достар!

Радиоспорттан Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, радиоспорттан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Павел Кукушкин, UN9L,  Олег Шевцов, RM9L екеуі, WRTC әлем чемпионатына қатысу үшін Италияға аттанды.

Жарыс 8 шілде, сенбі күні UTC уақыты бойынша 12:00-де басталады.

Спортшыларымызға чемпионатта сәттілік тілейік!

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on WRTC Әлем чемпионаты