Радиобайланыстан ҚР чемпионатына шақыру (UNDXC-2024)

Құрметті достар!

Радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың 2024 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 мамырында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты (UNDXC-2024) өтеді.

Оған Қазақстанның және әлемнің барлық спортшыларын қатысуға шақырамыз.

Чемпионат Ережесі сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионаттың undxc.kz сайтында жарияланған.

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Радиобайланыстан ҚР чемпионатына шақыру (UNDXC-2024)

Эфирде UP7WWA

Құрметті достар!

Италиян ғалымы Гульельмо Марконидің туғанына 150 жыл толуын мерекелеуге байланысты және барлық елдердің радиоәуесқойлары арасындағы достықты насихаттау мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 қаңтарына аралығында UP7WWA арнайы шақыру сигналымен қазақстандық радиоәуесқойлық станция эфирде болады.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті достар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймы3!

Сіздерге 2024 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін!

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Leave a comment