АЙБЫН әскери-патриоттық іс-шара туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына орай ҚРРФ командасы 2023 жылғы 16-18 маусым аралығында «AIBYN» халықаралық әскери-патриоттық іс-шарасына қатысты.

Іс-шара Қарағанды ​​қаласы іргесіндегі Спасск әскери полигонында өтті.

Полигон аумағында радиоспорттың барлық түрлері орналастырылып, қатысушылар үшін арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Аталған іс-шарадағы біздің секцияға еліміздің барлық аймақтарынан, сондай-ақ Әзірбайжан мен Өзбекстаннан келген қатысушылар үлкен қызығушылық танытты.

ҚРРФ Атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on АЙБЫН әскери-патриоттық іс-шара туралы

ҚТ радиобайланыстан ҚР ашық чемпионатына (UNDXC-2023) шақыру

Құрметті достар!

Радиоспорт бойынша республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралардың 2023 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 мамырында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты (UNDXC-2023) өтеді.

Оған Қазақстанның және әлемнің барлық спортшыларын қатысуға шақырамыз.

Чемпионат Ережесі сайтымыздың радиоспорт бөлімінде және чемпионаттың undxc.kz сайтында жарияланған.

 

ҚРРФ атқару комитеті

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on ҚТ радиобайланыстан ҚР ашық чемпионатына (UNDXC-2023) шақыру

Спорттық радиопеленгациядан Қазақстанның 12-ші чемпионаты

2023 жылғы мамыр айының 10 мен 15 аралығында, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы аумағында, спорттық радиопеленгациядан Қазақстан Республикасының 12-ші чемпионаты өтті.

Чемпионатты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт комитетінің қолдауымен Қазақстанның радиоспорт және әуесқойлар федерациясы ұйымдастырды.

Жарысқа еліміздің төрт облысынан 38 қатысушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан командасы қатысты.

Чемпионат жеңімпаздары Мәдениет және спорт министрлігінің дипломдары мен медальдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға чемпионатқа қатысқаны үшін ҚРРФ сертификаттары тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының спортшысы Семенов Андрей Викторовичке радиоспорт бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері куәлігі табыс етілді.

Сонымен қатар, Чемпионат барысында радиоспорт жаттықтырушылары мен төрешілері үшін спорттық радиопеленгация жарыстарын ұйымдастыру бойынша семинар өткізілді.

Posted in Жаңалықтар | Коммент өшірілген on Спорттық радиопеленгациядан Қазақстанның 12-ші чемпионаты